Мектеп асханасында оқушыларды тамақтандыру жайлы » КГУ ОШ №168 Управления Образования г.Алматы
Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№168 мектеп-гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
қабылдау бөлімі :
+7(727) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(727) 23-11-37
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Мектеп асханасында оқушыларды тамақтандыру жайлы
05
декабрь
2022

Мектеп асханасында оқушыларды тамақтандыру жайлы

Қасыл Қатықбаева атындағы №168 мектеп-гимназиясында 2 ауысым жүйесі бойынша бүгінгі таңда 1058 оқушы оқып жатыр. Мектеп асханасы 200 орынға арналған. Оқушылардың жекелеген санаттарына байланысты мектепте тегін ыстық тамақпен қамту дұрыс жолға қойылған. Асханада оқушыларға тамақтандыруды ұйымдастыруда «Болашақ ЖШС» жұмыс жасайды. Жалпыға бірдей міндетті оқу қорының есебінен «Мемлекеттік білім беру мекемелерінің мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан, сондай-ақ мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен отбасылардан шыққан білім алушылары мен тәрбиеленушілеріне және жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалып, отбасыларда тұратын балаларға, төтенше жағдайлардың салдарынан шұғыл жәрдемді талап ететін отбасылардан шыққан балаларға және өзге де санаттағы білім алушылар мен тәрбиеленушілер» тегін тамақпен қамтамасыз етілуде.
Сонымен қатар қала әкімі Досаев Ерболат Асқарбекұлының қала мектептерінде 1-4 сынып бастауыш оқушыларын бір мезгіл тегін тамақтандыру пәрмені тұрақты жүзеге асуда. Қазіргі уақытта бастауыш сыныптардан 426 оқушы және 5-11 сынып аралығындағы оқушылардан 43 оқушы күніне бір мезгіл тегін тамақпен қамтамасыз етілген. Аталмыш санаттағы оқушылардың асханадан тамақтануы күнделікті қадағаланады. Мектепте дұрыс тамақтануға байланысты іс-шаралар, сынып сағаттары, сыныптан тыс жұмыстарды өткізу де жақсы жолға қойылған. Тамақтану режимін сақтау, дәрумендердің адам ағзасына қажеттілігі, пайдасы туралы кеңестер беріліп, оқушыларға түсіндіру жұмыстары жүргізіледі. Оқушылардың тегін ыстық тамақпен қамтылуы үнемі бақылауда болады.

Мектеп асханасында оқушыларды тамақтандыру жайлы


Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: