Ақын Ақберен Елгезекпен кездесу өтті. » КГУ ОШ №168 Управления Образования г.Алматы
Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№168 мектеп-гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
қабылдау бөлімі :
+7(727) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(727) 23-11-37
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Ақын Ақберен Елгезекпен кездесу өтті.
13
сентябрь
2024

Ақын Ақберен Елгезекпен кездесу өтті.

13 қыркүйек күні Қ.Қатықбаева атындағы №168 мектеп-гимназия қабырғасында белгілі ақын, «Дарын» жастар сыйлығының иегері, «Көлеңкелер күбірі» атты жыр жинағының, «Болмаған балалық шақ» повесінің авторы Ақберен Елгезекпен кездесу өтті.
Кездесу барысында мектептің 5-10-сынып оқушылары ақынның жырларын оқып, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Назарова Құралай Серікбайқызы «Біздің ауыл» әнін орындады. Мектебіміздің «Жігер» ансамбльі «Ерке сылқым» күйін шертті. Шығыстан шыққан ақынның құрметіне Абайдың «Татьянананың қырдағы әнін» педогог-шебер Гүлмира Рахымбайқызы мен музыка пәнінің мұғалімі Алмас Ерманұлы шырқап берді.
Ақынмен 11-сынып оқушысы Сәрсебай Нәзерке келелі сұқбат құрып, шығармашылығындағы жаңалықтармен бөлісіп, өскелең ұрпаққа ізгі тілегін арнады.
Кеш соңында ақынның «Болмаған балалық шақ» кітабына қолтаңба қою рәсімі өтті.




Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: