Мектеп туралы » КГУ ОШ №168 Управления Образования г.Алматы
Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№168 мектеп-гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
қабылдау бөлімі :
+7(727) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(727) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
17
апрель
2014

Мектеп туралы

  

Алматы қаласының Білім басқармасының коммуналдық білім беру мекемесі «№ 168 жалпы білім беретін мектеп» іске 1998 жылы қосылды. Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 29-сәуір айындағы «Алматы қаласының шекараларын өзгерту туралы» № 3929 Жарлығы негізінде, жалпы орта білім беретін мектептерді қабылдау-тапсыру актілері бойынша Алматы қаласы Әкімінің «Көктөбе селосындағы №28 орта мектеп Медеу ауданы бойынша аты өзгертілсін» деген Шешіміне байланысты Көктөбе селосындағы №28 орта мектеп Медеу ауданындағы №168 орта мектепке өзгертілді. ЖББ мектептің құрылтайшысы – Мемлекет атынан жергілікті атқару мекемесі – Алматы қаласының Әкімдігі.

  Мекен жайы, почталық индексі, телефоны: Ш. Қалдаяқов көшесі, 62; 005010, 291-89-53, 291-90-76; электрондық адресі school-168@mail.ru

ЖББ №168 КММ өз қызметін ҚР «Білім заңына» сай Мемлекеттік Жалпы білім беру стандарты, басқа да нормативті құжаттар және мектеп Жарғысына сай жүргізеді.

Мектептің басты мақсаты – білім беру шығармашылығын орындау; жастардың мәдени деңгейі мен білім арттыруға ықпал ету; Қазақстанның интелекуалды болашағын қалыптастыру; жеке тұлғаның жалпы мәдениетін қалыптастыру және өмір сүру ортасына бейімдеу. 

Алғашқы мемлекеттік тіркелген күні:  01.01.1979ж. серия В № 0577469, БСН 790140000015 тіркеу нөмірі 25092-1910-ММ, Алматы қаласының Әділет министрлігімен берілді.

Мемлекеттік лицензия № 0163191 сериясы АА-5, бас лицензия, әрекет мерзімі – шектеусіз, берілген күні 07.11.2011ж. Лицензияны берген орган - Алматы қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы.

Мектеп жарғысы  Алматы қаласының әкімдігінің 31.08.2011 жылғы № 3/627 қаулысымен бекітілген және Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінің шешімімен 16.09.2011ж. тіркелді.

 Алматы қаласының Бас жоспарын жүзеге асыру мақсатында және Алматы қаласы әкімдігінің «Достық даңғылынан Талғар тас жолы жол айрығына дейін мекен-жайы бойынша орналасқан Шығыс айналма жолы құрылысы мақсатында мемлекеттік қажеттіліктер үшін жер телімдерді алу туралы» 2007 жылғы 22 қаңтарындағы 1/111 қаулысының негізінде, Алматы қаласы, Медеу ауданы, Радлов 1 мекен-жайы бойынша орналасқан жер телімін және жылжымайтын мүлігін мемлекеттік қажеттіліктер үшін сатып алу жолымен алынды. 2009 жылғы 9 шілдедегі № 4/431 Қаулы бойынша «№168 орта мектебі» мемлекеттік мекемесінің оралымды басқаруынан Медеу ауданы, Радлов көшесі, 1 мекенжайы бойынша орналасқан ғимарат алынды.

 Сол себептен, өзінің тұрақты мекені болмағандықтан 2008 жылдың қыркүйек айынан бастап № 33 мектеп-лицейде уақытша қызмет етуде.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы:

Похожие публикации: