ADAL URPAQ » КГУ ОШ №168 Управления Образования г.Алматы
Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№168 мектеп-гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
қабылдау бөлімі :
+7(727) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(727) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
30
октябрь
2020

ADAL URPAQ

Елбасының «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының 13-қадамында айтылған жемқорлыққа қарсы күресті күшейту міндеттерін іске асыруда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің бастамасымен, Білім және ғылым министрлігі, жергілікті әкімдіктердің қолдауымен білім беру ұйымдарындағы мектеп оқушылары арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыру мақсатында «Адал ұрпақ» еріктілер клубы жобасы жұмысын бастаған болатын. Қазіргі таңда «Адал ұрпақ» ерікті мектеп ұйымының рөлі орасан зор. Мәселен «Адал ұрпақ» патриоттық клуб мүшелерінің отырысы, сынып сағаттар, дөңгелек үстелдер, пікірталас практикумдары, елімізге танымал тұлғалармен кездесулер бұлардың барлығы оқушылардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлқының адамгершілік-этикалық құндылық негіздерін қалыптастыру бағытында өткізілуде.
Осы орайда жоба аясында 28.10.2020 жыл күні Қасыл Қатықбаева атындағы №168 мектеп-гимназиясында Республикалық «Саналы ұрпақ» жобалық кеңсесінің жетекшісі Токушев Қайыржан Ахметбекұлы ерікті ұйымның оқушыларымен кездесіп, түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
«АДАЛ ҰРПАҚ – МӘҢГІЛІК ЕЛ БОЛАШАҒЫ» тақырыбында өткен конференцияда Токушев Қайыржан Ахметбекұлы, Қазақстанда сыбайлас жемқорлықтан еркін өмір сүруді жоспарлап отырған патриоттық және бәсекеге қабілетті жастарды тәрбиелеу жобаның басты мақсаты екенін атап өтті. Оқушылардың бойына әділдік, адалдық, сенім құндылықтарын сіңіру керектігі айтылды. Сонымен қатар Медеу аудандық Білім бөлімінің басшысы Сапарова Ағайша Әмірқызы жас буынның рухани болмысын бекітіп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыруда оқушылардың ой-өрісін дамыту керектігі туралы сөз қозғады. Конференция барысында «Адал ұрпақ» еріктілер клубына қабылдану үшін 50 оқушы салтанатты түрде ант қабылдады. Жалпы гимназиямызды адалдыққа, әділдікке үндейтін «Адал ұрпақ» клубының мақсат-міндеттерін тек оқушылар ғана емес, ұстаздарымыздың да ұстанатынын мектеп директоры Тайкенов Манас Саяхатұлы айтып өтті. Адал ұрпақ» ұйымына қабылданған оқушыларымызды Қайыржан Ахметбекұлы Құттықтап, ұымның алдағы жұмыс жоспарына сәттілік тілеп, ұсыныстар айтты.
@akimat_almaty
@sagintayev.b
@edu_news_qz
@edu.almaty
@almatyanticorruption
@anticorruption.kazakhstan

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы:

Похожие публикации:

22 октябрь 2020 ANTICORRUPTION ALMATY
22 октябрь 2020 ANTICORRUPTION ALMATY
02 ноябрь 2017 Рухани жаңғыру
17 апрель 2014 Мектеп туралы