Тарих ғылымдарының докторы, профессор-Тұрғанжан Төлебаевпен кездесу өтті. » КГУ ОШ №168 Управления Образования г.Алматы
Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№168 мектеп-гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
қабылдау бөлімі :
+7(727) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(727) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Тарих ғылымдарының докторы, профессор-Тұрғанжан Төлебаевпен кездесу өтті.
23
апрель
2024

Тарих ғылымдарының докторы, профессор-Тұрғанжан Төлебаевпен кездесу өтті.

Көктем айы туа қазақ даласының әр түкпірінде түрлі мазмұнды да қызықты іс-шаралар легі қарқын алуда. Сәуір айының он тоғызыншы жұлдызында тарих ғылымдарының докторы, профессор-Тұрғанжан Әбеуұлы Төлебаев мектебіміздің 5-сынып оқушыларымен кездесті. Жас мамандар апталығының қарсаңында ұйымдастырылған бұл іс-шараны 5-сынып жетекшілері мен оқушылары ұйымдастырды. Қазақ әлеміне аты жақсы таныс белгілі тарих ғылымдарының докторы,профессор Тұрғанжан Әбеуұлы Төлебаев арналған кездесу кешіне 5-сынып оқушылары және мектеп әкімшілігі, ұстаздар және тарих пәнінен тәжірибе алып жүрген университет студенттері қатысты. Аталған шара барысында 5-сынып оқушылары Тұрғанжан Әбеуұлына тарих ғылымына қатысты көптеген сұрақтар қойып, қызықты деректермен танысты.
Еске сала кетейік Тұрғанжан Әбеуұлы ежелгі және ортағасырлық қазақ тарихының күрделі мәселелерін зерттеуге үлкен үлес қосып келеді. Ол қазақ этнологиясы мәселелері туралы да зерттеулер жүргізіп жүргізіп, талай еңбектер жазған. Қытай аумағындағы қазақтардың тарихын зерттеу барысында, қазақ тарихының географиялық аумағын кеңейту қажеттігін дәлелдеп, таңғалдырған.

Қытай, жапон, орыс және т.б. тілдерді еркін меңгеріп, ол тілдердегі дерек көздерін шебер пайдалана алғаны тамсандырды. Н. Мұхаметханұлы "Қазақ тарихынан зерттеулер", "Тарихи зерттеулер", "ХVIII–XX ғасырлардағы қазақ-қытай байланыстары", "Қытайдағы қазақтардың қоғамдық тарихы", "Қазақ тарихының өзекті мәселелері", "Дипломатиялық қатынастар және қытайтану мәселелері", "Қытайдың сыртқы саясаты және Қазақстанмен қатынасы" сияқты оннан астам еңбектері мен 250-ден аса мақалалардың авторы.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: