Мектебімізде «Ұрпақ тәрбиесіндегі балалар басылымының рөлі» атты аудандық конференциясы өтті » КГУ ОШ №168 Управления Образования г.Алматы
Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№168 мектеп-гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
қабылдау бөлімі :
+7(727) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(727) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Мектебімізде «Ұрпақ тәрбиесіндегі балалар басылымының рөлі» атты аудандық конференциясы өтті
15
март
2024

Мектебімізде «Ұрпақ тәрбиесіндегі балалар басылымының рөлі» атты аудандық конференциясы өтті

Мемлекет басшысының Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінде берген тапсырмасына сәйкес Оқу-ағарту министрлігі «Оқуға құштар мектеп» жобасын бекіткен болатын. Балалар баспа сөзін қолдау, жастардың кітап оқуға құлшынысын арттыру, мектеп кітапханасы мен оқушылар арасында тығыз байланыс орнатып және оқуға насихаттау мақсатында 15.03.2024ж. күні «Ұлан» газетінің бас редакторы Нармаханова Жадыра Аймаханқызы, «Ақ желкен» журналының бас редакторы Есей Жеңісұлы, «Балдырған» журналының бас редакторы Мағлұмов Дүйсен Мүсірәліұлы, Медеу ауданы білім бөлімінің басшысы Ағайша Әмірқызы Сапарова және Медеу ауданы білім беру ұйымдарының кітапханашылары, мұғалімдерінің қатысуымен мектебімізде «Ұрпақ тәрбиесіндегі балалар басылымының рөлі» атты аудандық конференция болды.
Конференцияда елімізде жиырмаға жуық балалар басылымы жарық көретіндігі, жас жеткіншектердің тілін ана тілінде қалыптастыруда және ұлттық тәрбие идеологиясында балалар басылымдарының маңызы, балалар контентінің дамуы туралы мәселелер қозғалды.
Конференция соңында балалар басылымдарының мектеп оқушыларына қолжетімді болуын қадағалап, стратегиялық жоспар құру арқылы балалар контентін қалыптастырудағы заманауи технологиялар мен креативті идеяларды қолдану мақсатында «Ұлан», «Балдырған», «Ақ желкен» балалар баспасы мен Қасыл Қатықбаева атындағы №168 мектеп-гимназия ынтымақтастық жөніндегі меморандумға қол қойды. Алдағы уақытта ақпарат алмасып, бірлесіп жұмыс жасап, танымдық материалдар жариялау ісіне атсалысып, мектеп оқушыларының шығармашылық қабілетін таныта білу мақсатында басылым мен оқырман арасында тығыз байланыс орнап, меморандум арқасында үлкен нәтижелерге бірлесіп қол жеткізеді деген сеніміміз мол.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы:

Похожие публикации:

30 октябрь 2020 ADAL URPAQ
22 октябрь 2020 ANTICORRUPTION ALMATY
22 октябрь 2020 ANTICORRUPTION ALMATY