“Академик С. С. Қирабаев атындағы қазақ әдебиеті және оқыту әдістемесі кафедрасы” ашылды. » КГУ ОШ №168 Управления Образования г.Алматы
Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№168 мектеп-гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
қабылдау бөлімі :
+7(727) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(727) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » “Академик С. С. Қирабаев атындағы қазақ әдебиеті және оқыту әдістемесі кафедрасы” ашылды.
22
февраль
2024

“Академик С. С. Қирабаев атындағы қазақ әдебиеті және оқыту әдістемесі кафедрасы” ашылды.

Қасыл Қатықбаева атындағы №168 мектеп-гимназиясы мен Абай атындағы ҚазҰПУ-нің академик Серік Смайылұлы Қирабаев атындағы қазақ әдебиеті және оқыту әдістемесі кафедрасы мектеп пен университет арасында тығыз байланыс орнату мақсатында екі жақты меморандумға қол қойды.
Осыған орай бүгін мектебімізде “Академик С. С. Қирабаев атындағы қазақ әдебиеті және оқыту әдістемесі кафедрасы” ашылды.
Меморандумның мақсаты:
- мектеп пен университет арасында тығыз байланыс орнату;
- ⁠мектепте бейіндік пәндерді ұйымдастыру және жүргізу бойынша әдістемелік көмек көрсету;
- ⁠ынтымақтастық шеңберінде бірлескен баспа еңбектерін басып шығаруда кафедра өкілдерінің мектепке қолдау көрсету;
- ⁠пән мұғалімдері үшін біліктілікті арттыру курстарын өткізу;
- ⁠«Көркем мәтінді әдеби талдау» сияқты бірнеше жұмыстарды жүзеге асыру.
Игі бастаманы жүзеге асыру жобасымен: Филология институтының директоры Таңжарықова Алуа Василийқызы, Академиялық істер жөнінде департамент директоры Жанбеков Хайрулла Нышанович, Институт директорының ғылыми ісі жөніндегі орынбасары Найманбаев Алмас Әбдіманапұлы, Академик С. Қирабаев атындағы қазақ әдебиеті және оқыту әдістемесі кафедрасының меңгерушісі Оспанов Еділ Төлеубайұлы, Институт директорының ОІЖО-лары Саурықова Айнұр Мұратбекқызы және Нүптекеева Гүлназ Байғонаққызы арнайы қатысты.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: