"Мектепке жол" қайырымдылық акциясы. » КГУ ОШ №168 Управления Образования г.Алматы
Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№168 мектеп-гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
қабылдау бөлімі :
+7(727) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(727) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Мектепке жол" қайырымдылық акциясы.
11
август
2023

"Мектепке жол" қайырымдылық акциясы.

Әлеуметтік жағынан қорғалмаған отбасы балаларына қолдау көрсету мақсатында дәстүрге айналған «Мектепке жол» республикалық акциясы биыл «Мектепке жол-шекарасыз жақсылық!» атты айдармен өткізілуде. Акция еліміздің барлық өңірлерінде ағымдағы жылдың 1 тамызы мен 30 қыркүйек аралығында өтеді.
Акцияның мақсаты: жаңа оқу жылына дайындық уақытында аз қамтамасыз етілген және көпбалалы отбасылардан шыққан оқушыларға қолдау көрсету; баланың әлеуметтік себептермен мектепке келмей қалуының алдын алу; жетім балаларға, ата – анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, көп балалы, тұрмыс жағдайы төмен отбасыларына нақты көмек көрсету болып табылады.
«Қасыл Қатықбаева атындағы №168 мектеп-гимназиясында» акцияны өткізуге байланысты ақпараттық хат жасалған. Бұл акцияның жұмысын көрсетеді. «Мектепке жол» акциясын жүргізуде ата аналардың жәрдемдесуіне өтініш үндеуі жазылған.
Демеушілік көрсетуге дайын жомарт жандар болса 8-777-255-77-30 нөміріне хабарлассаңыздар болады. Жақсылық жасап жарысайық!

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: