"ЕҢ ӘДЕМІ АРУ-2022" байқауы өтті » КГУ ОШ №168 Управления Образования г.Алматы
Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№168 мектеп-гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
қабылдау бөлімі :
+7(727) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(727) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
25
апрель
2022

"ЕҢ ӘДЕМІ АРУ-2022" байқауы өтті



🔖8-Наурыз Халықаралық әйелдер мерекесі қарсаңында гимназияда "ЕҢ ӘДЕМІ АРУ - 2022👸"  байқауы өтті...✔

🔹️Байқаудың мақсаты: қыз балаларға адамгершілік, адалдық, әсемдік, әдемілік, іс - қимыл, жүріс - тұрыс, қыз сымбаты түрлерін терең түсіндіре отырып, олардың өнерлерін, ұшқыр ойларын, іс - әрекетке деген икемділігін анықтап бағалау, одан әрі дамыту.✅

Байқау төмендегідей сайыс түрлері бойынша өтті👇

🔴1-кезең.«Менің бейнем» сәлемдесу.
Сахнадағы алғашқы көрінісі – өзін-өзі таныстыру. Бұл кезең бойынша өзін таныстыру, жүріс – тұрысы, сырт келбеттері және кешкі сән үлгісіндегі әдемі көйлегі бағаланды.

🔴2-кезең. «Менің анам» туралы сыр шерту
Бұл кезеңде бойынша қыздар өз аналары жайлы сыр шертеді. Яғни, талапта жазылған шығарманың мазмұны және оқу мәнері бағаланды.

🔴3-кезең.«Менің тілім». Қатысушылар бұл кезеңде ұлттық салт-дәстүрге байланысты сұрақтарға жауап берді. Бұл кезең бойынша талапкерлердің тіл байлығы, ой ұшқырлығы, ақылдылығы, сұрақты аша білуі бағаланды.

🔴4-кезең.«Қыз Жібек» ұлттық киім үлгісі
Бұл кезеңде «Ұлттық киімді құрғау» деп аталды. Мұнда сайыскерлеріміз өздері дайындап киіп шыққан ұлттық киімдерін қорғады. Ұлттық киімнің әсемдігі, қонымдылығы және дұрыс қорғалуы бағаланды.

🔸️Байқау соңында жеңімпаздар марапатталды🏆

🔻Екі жыл қатар қатысып өз бағын сынаған оқушымыз Балнұр ... Дегенменде әбден жаттығып, жоғары деңгейде дайындалып, "ЕҢ ӘДЕМІ АРУ-2022👸" байқауының жеңімпазы атанды. 👏

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: