"ЖІГІТ СҰЛТАНЫ-2022" байқауы » КГУ ОШ №168 Управления Образования г.Алматы
Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№168 мектеп-гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
қабылдау бөлімі :
+7(727) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(727) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
25
февраль
2022

"ЖІГІТ СҰЛТАНЫ-2022" байқауы


📢Алғаш рет гимназияда 8-10 сынып оқушылары арасында "ЖІГІТ СҰЛТАНЫ - 2022" байқауы өтті.

Байқау  4 кезеңнен тұрды👇

🔸️І-кезең: "ҚАЗАҚТЫҢ ҚАЙСАР ЖІГІТТЕРІ" .Бұл кезеңде жігіттер ұлттық спорт түрлерінен ( асық ату, қол күрес, гір тасын көтеру, белдесу т.б) ойын түрлерінен сынға түсті...

🔹️ІІ-кезең: «ЖЕТІ АТАСЫН БІЛГЕН ЕР, ЖЕТІ ЖҰРТТЫҢ ҚАМЫН ЖЕР». Бұл кезеңде қатысушының  таныстырылымы баяндалады.

🔸️ІІІ-кезең: «ТАЛАНТТЫ БОЛУ – ТӘҢІРДЕН». Жігіттерге шығармашылық еркіндікке мүмкіндік берілді. Әр қатысушының өнері мен сахнада өзін-өзі ұстау қабілеті, тілді меңгеруі, орындау шеберлігін бағаланды.

🔹️ІV-кезең: «ЕСКІРМЕЙТІН ЕСТІ СӨЗ» . Қазақтың ұлттық салт-дәстүрге деген қабілеттілік пен бейімділік машықтары бағаланады. Қатысушыларға ұлттық салт-дәстүрге байланысты сұрақтар қойылған болатын.

Байқау нәтижесінде 👇
🏅Бас жүлде "ЖІГІТ СҰЛТАНЫ-2022" -
Бодауов Нұрсұлтан 9 «Ә» сыныбы
🥇І ОРЫН - Райымбек Алмат 10 «Ә» сыныбы✅
🥈ІІ ОРЫН - Жанарбек Бекзат 10 «А» сыныбы✅
🥉ІІІ ОРЫН - Жұманов Айбар 9 «Б» сыныбы✅
🥉ІІІ ОРЫН - Серікбай Нұрахмет 8 «Б» сыныбы✅
🥉ІІІ ОРЫН - Баян Алихан 9 «А» сыныбы✅

Номинациялар🏆
💠"СЫМБАТТЫ ЖІГІТ" - Сағатжан Мұхаммедали 9 «Б» сыныбы✅
💠"СЫПАЙЫ ЖІГІТ" - Сатыбалды Бексұлтан 8 «Ә» сыныбы✅
💠"СӘНДІ ЖІГІТ" - Дүйсен Алдияр 8«А» сынып оқушысы✅
💠"КӨРЕРМЕН КӨЗАЙЫМЫ" - Қарсыбай Қайсар 8 «Ә» сыныбы✅

⭕Байқау соңында жігіттеріміз әдемі нүктесін қойды💪
❗Жасөспірімдер шет елдердің шығарып жатқан кино индустриясындағы пайдасыз дүние беретін кейіпкерлерге қызықпай, өз еліміздің  тұлғалары мен ұлт қайраткерлерінен үлгі алатын, ата салтын насихаттайтын, нағыз қазақ жігіттерінің үлгісін көрсете білді.🇰🇿

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: