1 ҚЫРКҮЙЕК БІЛІМ КҮНІ ҚҰТТЫ БОЛСЫН! » КГУ ОШ №168 Управления Образования г.Алматы
Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№168 мектеп-гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
қабылдау бөлімі :
+7(727) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(727) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 1 ҚЫРКҮЙЕК БІЛІМ КҮНІ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!
02
сентябрь
2021

1 ҚЫРКҮЙЕК БІЛІМ КҮНІ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!




     Құрметті ұстаздар, шәкірттер және ата-аналар! Елімізде болған эпидемиялық жағдайларға байланысты араға жыл салып Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30 жыл аясында, 1 қыркүйек Білім күнінде қайта қаушып отырмыз. Баршаңызды бүгінгі Білім күнімен шын жүректен құттықтаймын!

    Еңбек ардагері, батыр ананың есімі берілген білім ордасы өзінің кезекті шәкірттерін құшақ жая қарсы алғалы отыр. Бүгін де гимназияның мәртебесі мен мерейі,тек Алматы қаласына емес, республикамызға белгілі. 

Биылғы 2021-2022 оқу жылын гимназияда 1000-ға жуық  оқушымен бастау алуда. Соның ішінде 116 оқушы 1-сыныпқа қабылданып, мектеп табалдырығын аттады. Өздеріңізге белгілі, елімізде білім беру саласы күн санап қарыштап дамып келеді. Сөзімізге дәлел, Елордамыз Нұр-Сұлтан қаласында өткен дәстүрлі тамыз кеңесінде  Білім және ғылым министрі Аймағамбетов  Асхат Қанатұлы карантин жағыдайынан кейін мектепке оралған оқушылардың білім сапасын көтеруде мұғалімдердің рөлі маңызды екенін атап өтіп, бүгінгі білім сапасы мен мұғалім мәртебесіне қатысты пікір білдіруі. 

Ұрпақ тәрбиесі мен оның жеткілікті дәрежеде білім алуы арқылы біз биік белестерді бағындыра аламыз. Сонымен қатар ұстаздарымыздың қоғамдағы мәртебесін арттыру арқылы біз өзінің тарихын, тілін, мәдениетін білетін, заманына лайық, шет тілдерін меңгерген, озық әрі жаһандық көзқарасы бар тұлғаларды тәрбиелей аламыз. 

Адақты ағайын! Бүгінгі білім күнімен баршаңызды шын жүректен құттықтаймын! Ұстаздарымызға шығармашылық шабыт пен еңбектеріне толағай табыс тілеймін. Жаңа оқу жылында шәкірттеріміз биік белестерді бағындырып, ел абыройын асқақтата берсін! 


Ізгі ниетпен, 
Қасыл Қатықбаева атындағы №168 мектеп-гимназия директоры 
ТАЙКЕНОВ Манас Саяхатұлы

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы:

Похожие публикации:

30 октябрь 2020 ADAL URPAQ
22 октябрь 2020 ANTICORRUPTION ALMATY
22 октябрь 2020 ANTICORRUPTION ALMATY