ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫНЫҢ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА ЖОЛДАУЫ 2021 » КГУ ОШ №168 Управления Образования г.Алматы
Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№168 мектеп-гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
қабылдау бөлімі :
+7(727) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(727) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫНЫҢ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА ЖОЛДАУЫ 2021
02
сентябрь
2021

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫНЫҢ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА ЖОЛДАУЫ 2021






1 қыркүйек Білім күнінде Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың "Халықтың бірлігі және жүйелі реформалар - ел өркендеуінің берік негізі" атты кезекті Жолдауын жариялады. 

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында жарияланған Ел Президенті Жолдауын бір сөзбен түйіндеуге болады. Ең бастысы, халықты қорғау. Озық мемлекет үшін халқын қорғаудан құнды ештеңе жоқ. Бұдан бөлек, Мемлекет басшысының Жолдауында тәуелсіздікті, мемлекеттілікті, ұлттық мүдделерді, ұлттық құндылықтарды, ұлт саулығын, болашақты, жас ұрпақты, дарындарды, мәдениет пен өнерді, экономиканы, экологияны, еңбекті қорғау секілді сан-салалы мәселелер қамтылды. Қазіргі алмағайып шақта бұл кемеліне келген, әл-ауқаты мен қайрат-қуаты толысқан елдердің қолынан ғана келетін дүние. 

Сонымен қатар  Мемлекет басшысы  Жолдауында білім саласына баса назар аударылды. Нақтырақ айтқанда педагогтердің біліктілігін арттыруға ерекше назар аударылатын болады. Әлем қарыштап дамып келе жатқан жағдайда бұл өте маңызды. Мұғалімдердің біліктілігін қазіргідей бес жылда бір рет емес, үш жылда кемінде бір рет арттыру көзделетін болады.  

Президент Жолдауы мемлекетімізде, қоғамда, әлемде, айналада болып жатқан өзгерістерді көріп-біліп, көкейге тоқып, көп ізденудің жемісі екені анық.

#168school

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: