2023-2024 оқу жылы бойынша Қасыл Қатықбаева атындағы №168 мектеп-гимназияның тәрбие жұмысының I жартыжылдық есебі. » КГУ ОШ №168 Управления Образования г.Алматы
Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№168 мектеп-гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
қабылдау бөлімі :
+7(727) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(727) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 2023-2024 оқу жылы бойынша Қасыл Қатықбаева атындағы №168 мектеп-гимназияның тәрбие жұмысының I жартыжылдық есебі.
04
январь
2024

2023-2024 оқу жылы бойынша Қасыл Қатықбаева атындағы №168 мектеп-гимназияның тәрбие жұмысының I жартыжылдық есебі.



Қасыл Қатықбаева атындағы №168 мектеп-гимназияның

тәрбие жұмысының I жартыжылдық бойынша  есебі.

2023-2024 оқу жылы


Тәрбие жұмысының мақсаты:
    Ұлттық сана - сезімді, мәдениетті, парасатты, ар - ожданы мол, еңбекқор бойына игі қасиеттер қалыптастыратын азаматтар тәрбиелеу;
 Тәрбие жұмысының міндеттері:
 - денсаулығы зор, рухани дүниесі бай, адамгершілікті, тәуелсіз жеке тұлғаны қалыптастыруға ықпал ететін тәрбие жүйесін құру және дамыту;                                                      


Әлеуметтік жағынан қорғалмаған отбасы балаларына қолдау көрсету мақсатында дәстүрге айналған «Мектепке жол» республикалық акциясы биыл «Мектепке жол-шекарасыз жақсылық!» атты айдармен өткізілуде. Акция еліміздің барлық өңірлерінде ағымдағы жылдың 1 тамызы мен 30 қыркүйек аралығында өтеді.
 Акцияның мақсаты: жаңа оқу жылына дайындық уақытында аз қамтамасыз етілген және көпбалалы отбасылардан шыққан оқушыларға қолдау көрсету; баланың әлеуметтік себептермен мектепке келмей қалуының алдын алу; жетім балаларға, ата – анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, көп балалы, тұрмыс жағдайы төмен отбасыларына нақты көмек көрсету болып табылады.
 «Қасыл Қатықбаева атындағы №168 мектеп-гимназиясында» акцияны өткізуге байланысты ақпараттық хат жасалған. Бұл акцияның жұмысын көрсетеді. 

«Мектепке жол» акциясын жүргізуде ата аналардың жәрдемдесуіне өтініш үндеуі жазылған.

Мектепке жол акциясы негізінде ХӘОТ мен көпбалалы, толық емес отбасыдан шыққан 70 оқушыға демеушілер тарапынан канцтауарлар мен мектеп формасы үлестірілді.


Ал үкімет тарапынан 59 оқушыға 43 000 тг-ден мектеп жабдықтарын алуға қаржылай көмек көрсетілді.

70+59=129 бала мектепке жол акциясы негізінде көмектер алды

https://www.instagram.com/p/CvxgALxLkaz/?igsh=b2k2d2d0NGY3Nzh2 


«Сыңғырла күміс қоңырау» атты салтанатты жиын өткізіліп, 1 сынып оқушыларын салтанатты түрде мектепке қабылданды.

Жиынға барлық сынып оқушылары мен ата-аналар, аудандық білім беру ұйымынан келген қонақжәне ауыл тұрғындары қатысты.

Бұл шараның мақсаты 1-сынып оқушыларын салтанатты түрде мектеп табалдырығына қабылдау, оқушылардың бойына Отанға деген сүйіспеншілікті арттыру, рухани мәдениетін арттыру, өз елінің патриоты болуға тәрбиелеу.

https://www.instagram.com/reel/Cwp3b7OILlf/?igsh=MXN2cG44dDJ2Mjlwaw== 

9 қыркүйек  «Тоғызқұмалақ күніне» орай 2000 астам Алматылық жоғары сынып оқушылары бір мезетте тоғызқұмалақтан сайысқа түсіп, Қазақстанның Гиннес рекордтар кітабына енді. Аталған шараны Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен, Алматы қаласының тоғызқұмалақ зияткерлік ойынның 

қауымдастығы ұйымдастырды. 

Бұл шараға 9,10 сынып оқушылары  белсене қатысты.Алматы қаласы тоғызқұмалақ зияткерлік ойынының астанасы болып таңдалды. Ол жайлы Дүниежүзілік және Республикалық тоғызқұмалақ федерациясының президенті Алихан Байменов баяндады. 

2023 жылғы 1-30 қыркүйек аралығында  Қазақстан халқы тілдері күніне арналған «Туған тілім – бабам тілі – өз тілім» челленджі өтті. Челледжге біздің мектептің 9-10 сынып оқушылары да ат салысып қатысты.


https://www.instagram.com/reel/CxDAAdnsp2l/?igsh=MTNjb2xyeTR0dW8ydw== 

https://www.instagram.com/reel/CxC5k9hsTPC/?igsh=b3llMXd3bGN5dDc0 


Тіл мерекесіне орай, 5-6 сынып оқушылары Ахмет Байтұрсынұлының мысал өлеңдерінің желісімен сурет салудан сайысқа қатысты.

   https://www.instagram.com/p/CxC96eAvRJK/?igsh=MWF0M3g2aWV3cWsxNw== 

2023 жылдың қыркүйек айының 11-і күні мектебіміз де: “Жер-2023” республикалық оқу-жаттығуы аясында жалпықалалық сейсмикалық жаттығулар өткізілді. Сағат 10:00-де дабыл қағылып мектеп оқушылары мен қызметкерлері қауіпсіз жерге көшірілді.

https://www.instagram.com/reel/CxDjDDkIuuo/?igsh=MWk5OWQ1NG43eGI5Yw

Қасыл Қатықбаева атындағы № 168 мектеп-гимназияда 14.09 күні құқық бұзушылықтың алдын алу   мақсатында  біршама  істер атқарылды. «Қауіпсіз балалық шақ үшін!» ұранымен жиналыстар, сынып сағаттары.

 Оқушылардың мектеп ережесін сақтау, мектеп формасын бұзбау, сабаққа кекшікпеу және электронды темекі жайлы тәлім-тәрбиесі бар  видео роликтер көрсете отырып, тәрбие беру жұмыстары жүргізілді. Құқық бұзушылықтың алдын- алу мақсатында  мектеп инспекторымен  бірлескен іс- шаралар жүргізілді.



5-11 сынып оқушылары арасында сыбайлас жемқорлыққа байланысты азаматтық сағат болып өтті. Мақсаты:  Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін жағдайлар мен себептерді анықтау және олардың салдарын жою 

https://www.instagram.com/p/CxFgFTmvRAS/?igsh=MXJhb3E5OWE3NDFpZw== 


  1. сыныптар арасында " Жол тәртібін білейік, аман- есен жүрейік" атты 

іс-шара болып өтті. 

Мақсаты: оқушыларды жолда жүру ережесімен таныстыру. Жол белгілерін ажырата білу дағдысын дамыту;

Іс- шара өз деңгейінде өтті.  Адамның өмірінің қауіпсіздігі үшін, барлық  жол ережелеріментанысты. 

" Сақтансаң сақтармын" - дегендей жолда жүру ережесін тек білу ғана емес, оны бұлжытпай орындаса ғана аман- есен жүруге болатынын ұғынды.

 

https://www.instagram.com/p/CxK_Azas4ih/?igsh=MTRpeDc2dnh4YnUyMQ== 


"Менің Отбасым" атты республикалық апталыққа арналған оқушылар арасында сынып сағаты, іс-шаралар ұйымдастырылды. Бастауыш сынып ата-аналары мен оқушылары арасында спорттық ойын түрлерінен жарыстар болып өтті.

"Мен және әкем, анам" атты тақырыпта бастауыш сынып оқушылары мен ата-аналарының арасында спорттық ойын түрлерінен жарыстар болып өтті. Жеңіске жеткен командалар мақтау қағазы мен спорттық медальдармен марапатталды.
 Мақсаты: Мектеп, бала, ата-ана арасындағы қарым-қатынасты нығайту. Отбасы баланың, азамат болып өсуінің негізі болып табылады. Отбасының басты қызметі - бала тәрбиелеу.

https://www.instagram.com/p/CxNXuAHvOxb/?igsh=MXc4ZjdyZ2prZWdmeg== 

https://www.instagram.com/p/CxNnLtWM3qo/?igsh=ZnU0czBjbWhwb25w 

Мектебімізде «Төрт тоқсан – төрт өнер» Ұлттық мәдени-ағартушылық жобасы аясында жаппай мерекелер, байқаулар, көрмелер, сайыстар, челледж өткізілді. Жобаның мақсаты: 

Қазақстандық патриотизмді қалыптастыру, ұлттық бірегейлік, әлеуметтік құзыреттілік, білім алушыларды өз халқының мәдени дәстүрлеріне, көпұлтты мемлекет жағдайында жалпыадамзаттық құндылықтарға баулу.

https://www.instagram.com/p/CxZg4LCvuaj/?igsh=YTF2cWtyeXJ1YjJy 

https//www.instagram.com/p/Cxejdn_Iezy/?igsh=Nnd4ZzFmeTkwdmtp 

Мұғалімдер арасында челледж өтті

https://www.instagram.com/p/CyBQRKMsSfr/?igsh=cXF5Ym0yczNxajRp 

https://www.instagram.com/reel/CykJKXjoSnr/?igsh=eWJ1cHdjODlpeWkz 

Ақындар айтысы

https://www.instagram.com/p/CyxcJ3xvwuG/?igsh=bmE1eHVkeTg5bDV6 

Дөңгелек үстел

https://www.instagram.com/reel/CxxH_OwPvRV/?igsh=MTBzdXY4eDRkZnhjdw== 

«Терең білім, еңбекқорлық және отаншылдық қасиет» атты тақырыпта бірыңғай сынып сағаты болып өтті.

https://www.instagram.com/p/CxpwZ8DvWga/?igsh=b3dxM3h0eHA2OXNm 

Мектеп оқушылары арасында өзін - өзі басқару ұйымының негізі ретінде президенттік басқару жүйесі қалыптасқан. Бұл ұйымның негізгі қызметі балалардың білімге құштарлығын арттыру, өзін - өзі басқару жұмысына жетелеу, ұжымдық жауакершілікті сезіне білуге қалыптастыру.

📍 Осы орайда Қасыл Қатықбаева атындағы 168 мектеп-гимназиясындағы өзін-өзі басқару ұйымының президентіне дауыс беру іс шарасы ұйымдастырылы, өзін-өзі басқару ұйымы қайта құрылды.

https://www.instagram.com/reel/CynvlBnr34S/?igsh=MWRzN2lidW16cDZlbg== 

Орта білім беру ұйымдарындағы балаларды тәрбиелеу мен дамыту жөніндегі ата-аналарға педагогикалық қолдау бойынша әдістемелік ұсынымдар ұйымдастырылды. Осыған орай мектебімізде балаларды тәрбиелеу мен дамытуда ата-аналарды немесе заңды өкілдерді педагогикалық қолдау бойынша әдістемелік ұсынымдар балаларды оқыту және тәрбиелеу мәселесі бойынша мектептің ата-аналармен қарым-қатынасын күшейту, сондай-ақ берекелі отбасы мәдениетін дамыту мақсатында іс -шаралар ұйымдастырылып, әдістемелік қолдау көрсету жұмысы ұйымдастырылды.

Ата- аналарды педагогикалық қолдау бойынша ата-аналар жиналысы жасалып, түсіндірме жұмыстары өткізілді.

https://www.instagram.com/p/CzsbJ-MIY5T/?igsh=MWR6enM1cHVqMGl1YQ== 

Ұстаздар күніне орай оқушылардың ұстаздарға арнап жасаған мерекелік іс-шарасы өтті

https://www.instagram.com/reel/CyEHReAoWTd/?igsh=NXNzYzkzNzV2dXZl 

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының нұсқаулығымен мектептегі өзін-өзі басқару жұмысын жаңдандыру, тұлғаның көшбасшылық қасиеттерін ашу және білім алушылардың ұйымдастырушылық қабілеттерін іске асыру мақсатында Мұғалімдер күніне арналған «Дублер күні» мектепте білім алушылардың өзін-өзі басқару күнін  өткізуге арналған мұғалімдердің жетекшілігімен іс -шара  өтті.

https://www.instagram.com/reel/CyAtjLtvo5A/?igsh=MTVnc2phMm1mZDBudQ== 

Мектебіміздің ұстаздары мен оқушыларының ұйымдастыруымен қарттар күніне орай «Қарттарын қадірлеген ел ардақты» акциясы аясында Медеу ауданындағы қарияларымыздың шаңырағына барып,  мерекемен  құттықтап қайтты. Оқушыларымыз қазыналарымыздан ақ батасын алып қайтты.

Мектепішілік тәртіпті қадағалау мақсатында  мектеп директорының қатысуымен

құқық бұзушылықтың алдын алу жұмыстары жүргізілді. Жиналыста ұл балалардың тәртібі, сабақ үлгерімі туралы талқыланды. Ұл балардың ел қорғаушы, елдің болашағы ерлердің қолында екендігі туралы тәрбиелі әңгімелер тыңдалды.

Адам ағзасына зиян келтіретін заттар туралы (темекі, электронды темекі, суық қару түрлері )   экраннан көрсетіліп мүлдем қолданбау ескертілді.

Бүгінде қазақстандық оқушылар арасында электронды темекі шегу көрсеткіші күн санап артып келеді. Зиянды заттарға әуестенудің барлық түрі ақырында ауыр науқасқа шалдықтыратыны туралы түсініктеме жұимыстары жүргізілді.


https://www.instagram.com/p/CydbSmwsx3V/?igsh=MWh0emc5ZmVoYmMxag


Республика күніне орай мектебімізде арнайы бір уақытта білім алушылар мен ұстаздардың қатысуымен Қазақстан Республикасының Гимні орындалып, оқушылар арасында Республика күніне арналған челлендж ұйымдастырылды.

https://www.instagram.com/reel/CyvExW1PZiT/?igsh=eDA0ZjhqcXh3cDJq 

Сонымен қатар, мектебіміздің Өзін-өзі басқару ұйымының ұйымдастыруымен ҚР күніне арналған салтанатты жиын өткізілді.                                        

https://www.instagram.com/reel/CyxGUPgPLza/?igsh=eHJtOHg4bWxkc3Zl 


 Республика күніне орай сынып сағаттар өтілді. 

https://www.instagram.com/p/CyxKDX4PU94/?igsh=OWUzZTlwcXRkaXIy 


Суреттер көрмесі ұйымдастырылды


https://www.instagram.com/p/CyxI4-2IG3s/?igsh=MXJ6cTZhaHZ0eDNoMw== 


"Дұрыс тамақтану - денсаулық кепілі" тақырыбында оқушыларға түсіндіру жұмыстары өткізілді


 Мақсаты:  Дұрыс тамақтану, уақтылы тамақтану туралы түсінік қалыптастыру; оқушылардың ой өрісін дамыту, салауатты өмір салтын ұстануды дәріптеу.


https://www.instagram.com/reel/CyxY1jvPiy2/?igsh=MWNlemJjMnM4Z3J2YQ== 


Оқуға құштар мектеп аясында оқушылардың демалыс күндерін кітап оқуға ынталандырып, күзгі демалыста «Біз жалықпаймыз, кітап оқимыз» атты іс-шарасы өтті  

https://www.instagram.com/reel/CzJd9BqMXfH/?igsh=MXFqb3JhZTg2aHBzbQ== 

Арнай орталықтан гинеколог дәрігері келіп, мектеп медбекесімен бірге   қыз баланың  жеке басының  гигиенасы туралы кеңестер  жүргізді.

Қызбаланың бойындағы өзгерістер кезінде тазалық туралы кеңестер айтылды.

Жеке гигиена ережелері, жалпы қыз бала бойындағы тазалық туралы сөз қозғалды


  6-7 сыныптар арасында оқушылардың жыл мезгілдерінің ерекшеліктерін танып, әдемілікті көре білуге және күз мезгілін шығарып салу мақсатында ұйымдастырылған

                    «АЯУЛЫ АЛТЫН КҮ3»🍁 байқауы өз дәрежесінде өтті.


https://www.instagram.com/reel/CzahdeXMcq5/?igsh=aXQ4MXA2c2phYmJy 


Қарашаның 17-і күні бір мезгілде біріңай “Тоғыз ай - тоғыз іс-шара” атты жоспары аясында: қазақтың   ұлттық ойыны “Асық ату” челленджі өтті

https://www.instagram.com/reel/CzvfdcPvCGg/?igsh=dHB0ZnZvZmxzOHZ6 


“Еркін тыныс ал” жалпыреспубликалық флешмоб - салауатты өмір салтын қолдауда ұжымдық ұстанымды білдіруге бағытталған бұқаралық акцияға мектеп оқушылары қатысты.

https://www.instagram.com/reel/Cz2-rJ1s_Ty/?igsh=MThwaDV4cWd1YzB0 


Мектебіміздің өзін -өзі басқару ұйының ұйымдастыруымен бұл   аптаны денсаулыққа арнады . Мектеп-оқушыларын салауатты өмір салтын сақтануға, 

спортпен шұғылдануға шақырды

   https://www.instagram.com/reel/C0I5nTDo3hN/?igsh=bTkzY3Y5ejllYnVt 


Адам ағзасына зиян келтіретін заттардан сақтану, нашақорлыққа жол жоқ тақырыптарында наркологиялық орталықтың бас маманы Сания Кенесбековна мектеп оқушыларға түсіндірме жұмыстарын өткізді.

Тәуелсіздік күні қарсаңында өткізілген “Тәуелсіздік - елімнің баға жетпес байлығы” атты іс-шарада ақын Ержан Жұмабекұлымен кездесу өтті.

https://www.instagram.com/reel/C03oI7brOqS/?igsh=MXRxcjVhdmMzdnZzaQ== 


«Тәуелсіздік тәңірден келген тәтті сый»  сынып сағаттары да өткізілді.

https://www.instagram.com/p/C0ygW1CLrws/?igsh=MWx4Y3JzZGQwaXhkZQ== 


          «Тәуелсіздік - Ел бақыты»  суреттер байқауы және көрме ұйымдастырылды.

https://www.instagram.com/p/C03ZiFis5hz/?igsh=MW0wNXMyM2pmcmtsNQ== 


Ауа-райының күрт өзгеруіне байланысты Алматы қаласы бойыншы біріңғай  «Абайлаңыз, көк тайғақ!» атты сынып сағаты өтті

https://www.instagram.com/p/C1B2KeNPNxc/?igsh=MTM2Nzd6ZHRlNzZqdA== 


Шырша кезіндегі балалардың өмір қауіпсіздігі туралы сынып сағатары және

мектеп инспекторы түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

https://www.instagram.com/p/C1V_eRKIgYN/?igsh=NDB4Y294N3VhbGd5 


Шырша жанындағы салтанатты кеш  5-7 сыныптар мен 8-11 сыныптарға жаңа жыл кеші ұйымдастырылды.  Әр сыныпқа тапсырма ретінде бір-бір өнер дайындап келу тапсырылды. Жаңа жылдың бас кейіпкерлері  Аяз Ата мен Ақшақарды асыға күткен кешке қатысушылар,шапалақпен ортаға шақырды. Аяз Ата Жаңа жылға жаңа табыс тілей отыра оқушыларды шыршаны айнала ән салуға ұйымдастыра білді.

Кеш соңында ұйымдастырушы, Өзін-өзі басқару ұйымы дайындаған Жаңа жылдық флешмобқа барлық залда отырғандар қатысты. Мерекелік кеш Жаңа жыл дискотекасымен аяқталды.

Жоғары сыныптар оқушыларының кештері мен мерекесінде мектеп әкімшілігі, мұғалімдер кезекшілік етті.



 

 


Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: