Нормативтік құжаттар - КГУ ОШ №168 Управления Образования г.Алматы http://168.alschool.kz/ ru Нормативтік құжаттар - КГУ ОШ №168 Управления Образования г.Алматы DataLife Engine Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту, орта, арнаулы, қосымша, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері жүргізу http://168.alschool.kz/o-detskom-sade/normativtk-zhattar/1262-mektepke-dejng-trbie-zhne-oytu-orta-arnauly-osymsha-tehnikaly-zhne-ksptk-orta-blmnen-kejng-blm-beru-jymdaryny-pedagogter-zhrgzu.html http://168.alschool.kz/o-detskom-sade/normativtk-zhattar/1262-mektepke-dejng-trbie-zhne-oytu-orta-arnauly-osymsha-tehnikaly-zhne-ksptk-orta-blmnen-kejng-blm-beru-jymdaryny-pedagogter-zhrgzu.html Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 6 сәуірдегі № 130 бұйрығы.

https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2000020317]]>
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 6 сәуірдегі № 130 бұйрығы.

https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2000020317]]>
admin Tue, 16 Apr 2024 20:47:55 +0600
"Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері жүргізу үшін міндетті құжаттардың тізбесін және олардың ныса http://168.alschool.kz/o-detskom-sade/normativtk-zhattar/1261-orta-tehnikaly-zhne-ksptk-orta-blmnen-kejng-blm-beru-jymdaryny-pedagogter-zhrgzu-shn-mndett-zhattardy-tzbesn-zhne-olardy-nysa.html http://168.alschool.kz/o-detskom-sade/normativtk-zhattar/1261-orta-tehnikaly-zhne-ksptk-orta-blmnen-kejng-blm-beru-jymdaryny-pedagogter-zhrgzu-shn-mndett-zhattardy-tzbesn-zhne-olardy-nysa.html admin Tue, 16 Apr 2024 20:46:43 +0600 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 15 сәуірдегі № 144 бұйрығы. http://168.alschool.kz/o-detskom-sade/normativtk-zhattar/1193-azastan-respublikasy-blm-zhne-ylym-ministrn-2020-zhyly-15-surdeg-144-bjryy.html http://168.alschool.kz/o-detskom-sade/normativtk-zhattar/1193-azastan-respublikasy-blm-zhne-ylym-ministrn-2020-zhyly-15-surdeg-144-bjryy.html "Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында білім алушыларға академиялық демалыстар беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2014 жылғы 4 желтоқсандағы № 506 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 15 сәуірдегі № 144 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 15 сәуірде № 20401 болып тіркелді
БҰЙЫРАМЫН:
1. "Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында білім алушыларға академиялық демалыстар беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2014 жылғы 4 желтоқсандағы № 506 бұйрығына (ҚР нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10475 болып тіркелген, 2015 жылғы 23 сәуірде № 74 (28552) "Егемен Қазақстан" газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
Бұйрықтың кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:
"Білім туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 5-бабының 17) тармақшасына және "Мемлекеттік көрсетілген қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";
Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында білім алушыларға академиялық демалыстар беру қағидалары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің техникалық және кәсіптік білім департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) ресми жарияланғаннан кейін осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында қарастырылған іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Мыналардың:
1) "Білім беру ұйымдарында білім алушыларға академиялық демалыс беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің м.а. 2017 жылғы 27 шілдедегі № 357 (ҚР нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15647 болып тіркелген, 2017 жылғы 18 қыркүйекте ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған) бұйрығының;
2) "Білім беру ұйымдарында білім алушыларға академиялық демалыс беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі міндетін атқарушының 2017 жылғы 27 шілдедегі № 357 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы" Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 20 желтоқсандағы № 636 (ҚР нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16319 болып тіркелген, 2018 жылғы 16 ақпанда ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған) бұйрығының күші жойылды деп танылсын.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік жасайтын Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министріне жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Білім және ғылым министрі А. Аймагамбетов
Қазақстан Республикасының
Білім және ғылым министрінің
2020 жылғы 15 сәуірдегі
№ 144 бұйрығына
қосымша
Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында білім алушыларға академиялық демалыстар беру қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында білім алушыларға академиялық демалыстар беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Білім туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңына және "Мемлекеттік көрсетілген қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында білім алушыларға академиялық демалыстар беру тәртібін айқындайды.
"Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында білім алушыларға академиялық демалыстар беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) техникалық және кәсіптік, кәсіптік білімнен кейінгі білім беру ұйымдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Осы қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар қолданылады:
1) мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты – мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, қызмет көрсету процесінің сипаттамаларын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі;
2) академиялық демалыс – медициналық себептермен немесе басқа ерекше жағдайларда білім алушылардың техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында оқуын уақытша тоқтататын кезең.
2-тарау. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында білім алушыларға академиялық демалыстар беру тәртібі
2. Білім алушыларға академиялық демалыс:
1) "Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен (бұдан әрі – № 907 бұйрық) бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттамасының 035-1/У нысанына сәйкес ауруы бойынша ұзақтығы 6-дан 12 айға дейінгі амбулаториялық-емханалық ұйымның дәрігерлік-консультативтік комиссиясының (бұдан әрі – ДКК) қорытындылары;
2) № 907 бұйрығымен бекітілген денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық IV санатындағы ТБ 01/У нысанына сәйкес ұзақтығы 36 айдан аспайтын мерзімде туберкулезбен ауырған жағдайда Туберкулезге қарсы ұйымның Орталықтандырылған дәрігерлік-консультативтік комиссиясының (бұдан әрі – ОДКК) шешімі;
3) Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 24 қаңтардағы № 28 бұйрығымен (бұдан әрі – № 28 бұйрық) бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14881 болып тіркелген) Әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке алу қағидаларының 4-қосымшасына сәйкес әскери қызметке шақырылған жағдайда әскери қызметке шақырту қағазы;
4) Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 12 қаңтардағы № 9 "Азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу актісі кітаптарының нысандарын және осы кітаптардағы жазбалардың негізінде берілетін куәліктердің нысандарын бекіту туралы" бұйрығына (бұдан әрі – № 9 бұйрық) 8 және 12-қосымшаларға сәйкес нысандары бойынша (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10173 тіркелген) үш жасқа толғанға дейінгі асырап алынған ұл немесе қыз баланың туу туралы құжаттары (куәлік) негізінде беріледі.
3. Білім алушы немесе оның заңды өкілі (көрсетілетін қызметті алушы) мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті берушіге немесе "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамына (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация):
1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішті;
2) осы Қағидалардың 2-тармағында көрсетілген негіздемелерге байланысты тиісті құжатты;
3) жеке басын куәландыратын құжатты (сәйкестендіру үшін талап етіледі) ұсынады.
Мемлекеттік қызметті көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында келтірілген.
Құжаттарды қабылдау кезінде көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің немесе Мемлекеттік корпорацияның қызметкері көрсетілетін қызметті алушыға өтініш және тиісті құжаттарды қабылданғаны туралы осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қолхат береді.
Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді. Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін Мемлекеттік корпорацияға мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін бір күн қалғанда ұсынылады.
Көрсетілетін қызметті алушы осы Қағидалардың 3-тармағында көрсетілген тізбеге сәйкес құжаттардың толық емес топтамасын және (немесе) жарамдылық мерзімі өткен құжаттарды ұсынған жағдайда, сондай-ақ, құжаттар дұрыс болмаса және осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келмесе, Мемлекеттік корпорация қызметкері құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қолхат береді.
Көрсетілетін қызметті беруші құжаттар түскен күні құжаттарды қабылдайды және ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді, егер көрсетілетін қызметті беруші құжаттардың толық емес топтамасын және (немесе) ақпаратты ұсынса, көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап дайындайды.
Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартуға мыналар:
1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттарының және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігінің анықталуы;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті материалдар, деректер мен мәліметтердің осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі негіз болып табылады.
4. Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық топтамасын ұсынған және оң шешім қабылданған жағдайда көрсетілетін қызметті берушінің басшысы ұсынылған құжаттардың негізінде екі жұмыс күні ішінде басталу және аяқталу мерзімін көрсете отырып, білім алушыға академиялық демалыс беру туралы бұйрық шығарады, оның көшірмесі көрсетілетін қызметті алушыға қолтаңбамен беріледі немесе көрсетілетін қызметті алушы көрсеткен пошталық мекен-жайға пошта арқылы немесе көрсетілетін қызметті алушының жазбаша өтініші бойынша көрсетілген электрондық пошта мекен-жайына жолданады.
Мемлекеттік корпорацияда құжаттарды беру жеке басын куәландыратын құжат (нотариалды куәландырылған сенімхат бойынша оның өкілінің) ұсынған жағдайда, тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат негізінде жүзеге асырылады.
5. Академиялық демалыс беру кезінде мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде білім алушы тұлғаның, мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде оқу құқығы сақталады және оның оқуын қаржыландыру (медициналық қорытынды негізінде академиялық демалыстағы білім алушыларға белгіленген тәртіппен стипендиялар төлеу үшін қарастырылатын шығыстарды қаржыландырудан басқа) берілген академиялық демалыс кезеңі бойында тоқтатылып, осы демалыс аяқталғаннан соң қайта жалғастырылады.
Көрсетілетін қызметті берушінің басшысы республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша білім алушыға академиялық демалыс беру туралы бұйрықтың көшірмесін үш жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігіне немесе тиісті салалық министрлікке, ал жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша – білім беру саласындағы жергілікті атқарушы органдарға осы бағдарламаны қаржыландырудың тиісті сомасы мен мерзімдерін түзету үшін жібереді.
Ақылы негізде білім алушыға академиялық демалыс беру кезінде академиялық демалыс кезеңіне оқу ақысы тоқтатылады.
6. Білім алушы (немесе оның заңды өкілі) академиялық демалыстан шыққаннан кейін осы Қағиданың 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына өтініш, жеке басын куәландыратын және осы мамандық бойынша оқуды жалғастыру мүмкіндігін растайтын (№ 907 бұйрықпен бекітілген нысан бойынша денсаулық сақтау ұйымынан денсаулық жағдайы туралы ДКК (ОДКК) анықтамасы, № 28 бұйрықтың 8-қосымшасына сәйкес нысан бойынша әскери билетті, "Азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеудің акт кітаптарының нысандарын және осы кітаптардағы жазбалар негізінде берілетін куәліктердің нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 12 қаңтардағы № 9 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10173 болып тіркелген) 8 және 12-қосымшаларына сәйкес нысандар бойынша баланың туу, бала асырап алу туралы куәлік) құжаттарды ұсынады. Құжаттарды қабылдау кезінде көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері көшірмелерді құжаттардың түпнұсқаларға сәйкестігін тексереді және түпнұсқаларды көрсетілетін қызметті алушыға қайтарады.
7. Ұсынылған құжаттардың негізінде көрсетілетін қызметті берушінің басшысы құжаттар тапсырылғаннан кейін екі жұмыс күнінің ішінде мамандығын, курсын және тобын көрсете отырып, білім алушының академиялық демалыстан шығуы туралы бұйрық шығарады.
8. Осы бағдарламаны қаржыландырудың тиісті сомасы мен мерзімдерін түзету үшін мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша білім алушы академиялық демалыстан келген кезде, көрсетілетін қызметті беруші аталған бұйрықтың көшірмесін үш жұмыс күні ішінде республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігіне немесе тиісті салалық министрлікке, ал жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша білім беру саласындағы жергілікті атқарушы органдарға жолдайды.
9. Көрсетілетін қызметті берушінің басшысы бұйрық шыққаннан кейін екі жұмыс күнінің ішінде ұсынылған құжаттардың негізінде оқу жұмыс жоспарларындағы пәндердің (модульдердің) айырмашылығын, оқу курсын анықтайды және директордың оқу ісі жөніндегі орынбасарымен не офис регистратормен (білім алушылардың оқудағы жетістіктерінің барлық тарихын тіркеумен айналысатын және білімін бақылаудың барлық түрлерін және оның академиялық рейтингісін есептеуді ұйымдастыруды қамтамасыз ететін академиялық қызмет) келісе отырып, білім алушының жеке оқу жоспарын бекітеді.
Академиялық демалыстан келген соң білім алушы оқуын аталған демалысты ресімдеген курстан (және академиялық кезеңнен) бастап жалғастырады.
Курс және мамандығы бойынша сәйкес топтар болмаған жағдайда, білім алушы басқа техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымында оқуын жалғастыруы мүмкін.
Академиялық демалыс мерзімі аяқталғаннан кейін оқуын жалғастырмаған білім алушылар техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымынан шығарылады.
10. Егер білім алушының академиялық демалыстан келу немесе академиялық демалысқа шығу уақыты академиялық кезеңнің басталуына немесе аяқталуына сәйкес келмесе, онда білім алушы ағымдағы оқу сабақтарымен қатар, жеке кесте бойынша оқу тапсырмаларын орындайды, көрсетілетін қызметті берушінің басшысы бекіткен оқу жұмыс жоспарында көзделген ағымдағы бақылаудың барлық түрін тапсырады, аралық аттестаттауға рұқсат алады.
11. Білім алушы пәндер (модульдер) бойынша айырмашылықтарды жою үшін ағымдағы оқу жұмысымен қатар академиялық кезеңде барлық сабақ түрлеріне қатысады, белгілі бір модульдің оқу тапсырмаларын орындайды (модульдік оқыту кезінде), аталған пәндер (модульдер) бойынша оқу жұмыс жоспарында қарастырылған ағымдағы және кезеңдік бақылаудың барлық түрлерін тапсырады, рұқсат алады және академиялық күнтізбеге сәйкес білім алушыларды аралық аттестаттау кезеңінде қорытынды бақылауды тапсырады.
12. Көрсетілетін қызметті беруші "Мемлекеттік көрсетілген қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес мемлекеттік қызметті көрсету сатысы туралы деректердің мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен енгізілуін қамтамасыз етеді.
3-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
13. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға берілуі мүмкін.
Көрсетілетін қызметті берушінің мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 25-бабының 2) тармақшасына сәйкес тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қарастыруға жатады.
14. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижесімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінеді.
Техникалық және кәсіптік, орта
білімнен кейінгі білім беру
ұйымдарында білім алушыларға
академиялық демалыстар беру
қағидаларына 1-қосымша
Нысан
____________________________
/көрсетілетін қызметті беруші
басшысының Т.А.Ә. (болған
жағдайда)/
_______________________
_________________________
/көрсетілетін қызметті
алушының Т.А.Ә. (болған
жағдайда)/
____________________________
/көрсетілетін қызметті
алушының байланыс деректері/
____________________________
Өтініш
Сізден ______________________________________________________________
/ білім алушының Т.А.Ә. (болған жағдайда), курс, мамандығын көрсету/
________________________________________________________________________________

/себебін көрсету/

байланысты академиялық демалыс беруді сұраймын.
*Ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпиядан тұратын мәліметтерді
пайдалануғакелісім беремін.
20___жылғы "____"___________ ________________________________
/қолы/
* Көрсетілетін қызметті алушы Мемлекеттік корпорация арқылы жүгінген кезде
Техникалық және кәсіптік, орта
білімнен кейінгі білім беру
ұйымдарында білім алушыларға
академиялық демалыстар беру
қағидаларына 2-қосымша
"Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында білім алушыларға академиялық демалыстар беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
"Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында білім алушыларға академиялық демалыстар беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет
1 Көрсетілетін қызметті берушінің атауы Техникалық және кәсiптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымы
2 Мемлекеттік қызметті көрсету тәсілдері Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру:
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;
2) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация).
3 Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері 1) көрсетілетін қызметті берушіге, Мемлекеттік корпорацияға көрсетілетін қызметті берушінің орналасқан жері бойынша құжаттар топтамасын тапсырған күннен бастап – 2 (екі) жұмыс күні.
Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді. Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін Мемлекеттік корпорацияға мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі өткенге дейін бір күннен кешіктірмей жеткізуді қамтамасыз етеді;
2) көрсетілетін қызметті алушының құжаттар топтамасын тапсыру үшін кезек күтудің барынша рұқсат етілген уақыты – 20 (жиырма) минут, Мемлекеттік корпорацияда – 15 (он бес) минут;
3) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің барынша рұқсат етілген уақыты – 30 (отыз) минут, Мемлекеттік корпорацияда – 15 (он бес) минут.
4 Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны Қағаз жүзінде
5 Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі Белгіленген тәртіппен расталған көрсетілетін қызметті беруші басшысының білім алушыға басталу және аяқталу мерзімін көрсете отырып, академиялық демалыс беру туралы бұйрығының көшірмесі не Қағидалардың 3-тармағында белгіленген негіздеме бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру нысаны: қағаз жүзінде.
6 Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамаларында көрсетілген жағдайларда оны алу тәсілдері Мемлекеттік қызмет жеке тұлғаларға тегін көрсетіледі.
7 Жұмыс кестесі 1) Көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі мен жұма аралығында сағат 13:00-ден 14:30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9:00-ден 18:30-ға дейін.
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру сағат 13:00-ден 14:30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9:00-ден 17:30-ға дейін жүзеге асырылады.
Мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз кезек күту тәртібімен көрсетіледі;
2) Мемлекеттік корпорация – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жексенбі және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі мен сенбіні қоса алғанда, түскі үзіліссіз сағат 9:00-ден 20:00-ге дейін.
Қабылдау көрсетілетін қызметті алушының тандауы бойынша жеделдетіп қызмет көрсетусіз "электронды" кезек күту тәртібінде жүзеге асырылады, электронды кезекті "электронды үкімет" порталы (бұдан әрі – портал) арқылы брондауға болады.
Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекен-жайлары:
1)Министрліктің интернет-ресурсы: www.edu.gov.kz;
2)Мемлекеттік корпорацияның интернет-ресурсы: www.gov4c.kz.
8 Мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі Көрсетілетін қызметті алушы (немесе нотариалды куәландырылған сенімхат бойынша өкілі) жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:
1. Көрсетілетін қызметті беруші арқылы:
сырқатына байланысты ұзақтығы 6 айдан 12 айға дейін академиялық демалыс беру үшін:
1) жеке басын куәландыратын құжат (сәйкестендіру үшін талап етіледі;
2) Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша академиялық демалыс беру туралы өтініш;
3) амбулаториялық-емханалық ұйым жанындағы ДКК қорытындысы;
ұзақтығы 36 айдан аспайтын туберкулезбен ауырған жағдайда академиялық демалыс беру үшін:
1) жеке басын куәландыратын құжат (сәйкестендіру үшін талап етіледі);

3) туберкулезге қарсы ұйымның ОДКК шешімі;
әскери қызметке шақырылған білім алушыларға академиялық демалыс беру үшін:

3) әскери қызметке шақыру туралы қағаз;
бала үш жасқа толғанға дейін академиялық демалыс беру үшін:

3) туу, ұл немесе қыз бала асырап алу туралы (куәлік) құжаттар.
2.Мемлекеттік корпорация арқылы:

2) Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша академиялық демалыс беру туралы өтініш.
Мемлекеттік корпорация қызметкері өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжаттар туралы мәліметтерді, баланың тууы, ұл немесе қыз бала асырап алуы туралы куәліктерді "электронды үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады және көрсетілетін қызметті берушіге беру үшін қағаз тасымалдағышта басып шығарады.
Мемлекеттік корпорация қызметкері көрсетілетін қызметті алушыдан Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, мемлекеттік қызмет көрсету кезінде ақпараттық жүйелерде заңмен қорғалған құпиядан тұратын мәліметтерді пайдалануға келісім алады.
Мемлекеттік корпорация нәтижені бір ай ішінде сақтауды қамтамасыз етеді, содан кейін оларды одан әрі сақтау үшін көрсетілетін қызметті берушіге тапсырады. Көрсетілетін қызметті алушы бір ай өткен соң жүгінген жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыға беру үшін Мемлекеттік корпорацияға дайын құжаттарды жібереді.

9 Қазақстан Республикасының заңнамаларында белгіленген мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартуға негіздемелер 1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттарының және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігінің анықталуы;

10 Мемлекеттік қызметтерді, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы ұсыну ерекшеліктерін ескеретін өзге де талаптар 1) Заңнамада белгіленген тәртіппен өзіне өзі қызмет көрсетуді, өз бетімен қозғалуды, бағдаралуды жүзеге асыру қабілетін немесе мүмкіндігін толық немесе ішінара жоғалтқан көрсетілетін кызметті алушыға мемлекеттік қызметті көрсету үшін құжаттарды қабылдауды Мемлекеттік корпорация қызметтері 1414 Бірыңғай байланыс орталығына жүгіну арқылы тұрғылықты жері бойынша шығумен жүргізеді.
2) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты 1414, 8 800 080 77777 Бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар;
3) мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша анықтама қызметтерінің байланыс телефондары Министрліктің : www.edu.gov.kz интернет-ресурсында көрсетілген.
Техникалық және кәсіптік, орта
білімнен кейінгі білім беру
ұйымдарында білім алушыларға
академиялық демалыстар беру
қағидаларына 3-қосымша
Нысан
____________________________
/ көрсетілетін қызметті
алушының
Т.А.Ә. (болған жағдайда)/
Құжаттарды қабылдау туралы қолхат
________________________________________________________________
/білім алушының Т.А.Ә. (болған жағдайда)/

/білім беру ұйымының атауын көрсету/

академиялық демалыс беру үшін қабылданған құжаттардың тізбесі:
1.__________________________________________________________
2.__________________________________________________________
3.__________________________________________________________
Қабылдаған:
________________________________ 20___жылғы "____"___________
(орындаушының Т.А.Ә.) (қолы, байланыс телефоны)
Техникалық және кәсіптік, орта
білімнен кейінгі білім беру
ұйымдарында білім алушыларға
академиялық демалыстар беру
қағидаларына 4-қосымша
Нысан
____________________________
/көрсетілетін қызметті
алушының
Т.А.Ә. (болған жағдайда)/
Құжатты қабылдаудан бас тарту туралы қолхат
Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында білім алушыларға
академиялық демалыстар беру қағидаларының 3-тармағын басшылыққа ала отырып,

/Көрсетілетін қызметті берушінің немесе Мемлекеттік корпорацияның атауы, мекен-жайы/

_________________________________________________________байланысты,
атап айтқанда /жоқ немесе сәйкес емес құжаттардың атауын көрсету/:
1) _________________________________;
2) _________________________________;
3) _________________________________.

академиялық демалысты беру үшін құжаттар қабылдаудан бас тартады.
Осы қолхат әрбір тарап үшін бір-біреуден 2 данада жасалды.

(Мемлекеттік корпорация қызметкерінің Т.А.Ә.)
________________________________
(қолы, байланыс телефоны)
Алдым:________________/ көрсетілетін қызметті алушының Т.А.Ә.
(болған жағдайда) __________/ қолы
20___жылғы "____"___________
Техникалық және кәсіптік, орта
білімнен кейінгі білім беру
ұйымдарында білім алушыларға
академиялық демалыстар беру
қағидаларына 5-қосымша
Нысан
____________________________
/көрсетілетін қызметті беруші
басшысының Т.А.Ә. (болған
жағдайда)/
_______________________
_________________________
/ көрсетілетін қызметті
алушының Т.А.Ә. (болған
жағдайда)/
____________________________
/көрсетілетін қызметті
алушының байланыс деректері/
____________________________
Өтініш
Сізден _________________________________________________________
/білім алушының Т.А.Ә. (болған жағдайда), курс, мамандығын көрсету/
_______________________________________________________________

академиялық демалыстан шығуыма (-ына) байланысты оқуды қайта
жалғастыруға рұқсат етуіңізді сұраймын.

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
]]>
"Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында білім алушыларға академиялық демалыстар беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2014 жылғы 4 желтоқсандағы № 506 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

admin Mon, 04 Mar 2024 14:36:34 +0600
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 4 мамырдағы № 180 бұйрығы. http://168.alschool.kz/o-detskom-sade/normativtk-zhattar/1192-azastan-respublikasy-blm-zhne-ylym-ministrn-2020-zhyly-4-mamyrday-180-bjryy.html http://168.alschool.kz/o-detskom-sade/normativtk-zhattar/1192-azastan-respublikasy-blm-zhne-ylym-ministrn-2020-zhyly-4-mamyrday-180-bjryy.html Жоғары білім беру ұйымдарында білім алатын және тәрбиеленетін жекелеген санаттағы азаматтарға, сондай-ақ қорғаншылықтағы (қамқоршылықтағы) және патронаттағы адамдарға тегін тамақтандыруды ұсыну" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 4 мамырдағы № 180 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 5 мамырда № 20579 болып тіркелді.
Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің м.а. 29.03.2023 № 134 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
"Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің м.а. 29.03.2023 № 134 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1. Осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес "Жоғары білім беру ұйымдарында білім алатын және тәрбиеленетін жекелеген санаттағы азаматтарға, сондай-ақ қорғаншылықтағы (қамқоршылықтағы) және патронаттағы адамдарға тегін тамақтандыруды ұсыну" мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары бекітілсін.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің м.а. 29.03.2023 № 134 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

2. Осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Техникалық және кәсіптік білім департаменті (Н.Ж. Оспанова) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаментімен (А.Ж.Тойбаев) бірлесіп заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында қарастырылған іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министріне жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының

Білім және ғылым министрі А. Аймагамбетов
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, қорғаныс және
аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2020 жылғы 4 мамырдағы № 180
Бұйрыққа 1-қосымша
"Жоғары білім беру ұйымдарында білім алатын және тәрбиеленетін жекелеген санаттағы азаматтарға, сондай-ақ қорғаншылықтағы (қамқоршылықтағы) және патронаттағы адамдарға тегін тамақтандыруды ұсыну" мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары
Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің м.а. 29.03.2023 № 134 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және жоғары білім беру ұйымдарында білім алатын және тәрбиеленетін жекелеген санаттағы азаматтарға, сондай-ақ қорғаншылықтағы (қамқоршылықтағы) және патронаттағы адамдарға тегін тамақтандыруды ұсыну тәртібін айқындайды.

2. "Жоғары білім беру ұйымдарында білім алатын және тәрбиеленетін жекелеген санаттағы азаматтарға, сондай-ақ қорғаншылықтағы (қамқоршылықтағы) және патронаттағы адамдарға тегін тамақтандыруды ұсыну" мемлекеттік қызметін (бұдан әрі – Мемлекеттік көрсетілетін қызмет) жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары (бұдан әрі – Көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің м.а. 29.03.2023 № 134 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

3. Мемлекеттік қызмет жоғары білім беру ұйымдарында білім алатын және тәрбиеленетін жекелеген санатқа жататын жеке тұлғаларға, сондай-ақ қорғаншылықтағы (қамқоршылықтағы) және патронаттағы адамдарға немесе олардың ата-аналарына немесе басқа заңды өкілдеріне (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы) тегін көрсетіледі.
Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің м.а. 29.03.2023 № 134 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
4. Көрсетілетін қызметті алушы тегін тамақтануды алу үшін осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес "Жоғары білім беру ұйымдарында білім алатын және тәрбиеленетін жекелеген санаттағы азаматтарға, сондай-ақ қорғаншылықтағы (қамқоршылықтағы) және патронаттағы адамдарға тегін тамақтандыруды ұсыну" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінде (бұдан әрі – Негізгі талаптар тізбесі) көрсетілген құжаттарды қоса бере отырып, осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі және (немесе) www.egov.kz "электрондық үкіметтің" веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы, "Азаматтарға арналған үкімет" Мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорациясы) не ұялы байланыстың абоненттік құрылғысы арқылы өтініш береді.
Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің м.а. 29.03.2023 № 134 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

5. Құжаттарды көрсетілетін қызметті беруші және (немесе) Мемлекеттік корпорация арқылы қабылдаған кезде көрсетілетін қызметті алушыға тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беріледі.
6. Көрсетілетін қызметті алушының атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан шыққан балалар үшін жергілікті атқарушы органдар ұсынатын мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушыларға өтініш берушінің (отбасының) тиесілігін растайтын, отбасыларда тәрбиеленетін жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар үшін - жеке басын куәландыратын құжат, қорғаншылық (қамқоршылық), патронаттық тәрбие туралы мәліметтерін көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден "электрондық үкімет" шлюзі арқылы алады.
7. Көрсетілетін қызметті алушы Негізгі талаптар тізбесінің 8-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттарды ұсынған жағдайда, Мемлекеттік корпорация қызметкері өтініш түскен күні өтінішті қабылдаудан бас тартады және осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.
Портал арқылы жүгінген жағдайда көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" мемлекеттік көрсетілетін қызметке сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе, сондай-ақ мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күні мен уақыты көрсетілген хабарлама жіберіледі.
Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі құжаттар түскен күні оларды қабылдауды, тіркеуді жүзеге асырады және көрсетілетін қызметті берушіге қарауға жолдайды.
Құжаттар портал арқылы түскен жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші құжаттар тіркелген сәттен бастап 1 жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.
Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық топтамасын ұсынған кезде көрсетілетін қызметті беруші 3 (үш) жұмыс күні ішінде құжаттардың Қағидалардың талаптарына сәйкестігін қарайды, қорытындысы бойынша Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тегін тамақтандыруды ұсыну туралы хабарлама дайындайды және оны көрсетілетін қызметті берушінің басшысына қол қоюға жібереді.
Қызмет көрсету мерзімі бес жұмыс күнін құрайтын мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту негізі анықталған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушының алдын ала шешім бойынша позициясын білдіруіне мүмкіндік беру үшін өткізілетін тыңдаудың уақыты, күні мен орны туралы хабарлайды.
Тыңдау туралы хабарлама мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін кемінде үш жұмыс күні бұрын жіберіледі. Тыңдау хабардар етілген күннен бастап екі жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі
Тыңдау нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті беруші тегін тамақтандыруды ұсыну туралы хабарлама дайындайды не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартады.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде және (немесе) Мемлекеттік корпорацияда жеке басын куәландыратын құжатты (не нотариалды куәландырылған сенімхат бойынша оның өкілінің) көрсеткен кезде қолма-қол беріледі.
Бұл ретте мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін Мемлекеттік корпорацияға жеткізу мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін бір тәуліктен кешіктірілмей жүзеге асырылады.
Порталда мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" көрсетілетін қызметті беруші басшысының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанында жіберіледі.
Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің м.а. 29.03.2023 № 134 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

7-1. Жоғары білім беру ұйымдарында тәрбиеленетін және білім алатын жекелеген санаттағы азаматтарға, сондай-ақ, қорғаншылық (қамқоршылықтағы) және патронаттағы адамдарға тегін тамақтандыруды ұсыну жөніндегі мемлекеттік көрсетілетін қызмет проактивті тәсілмен, қызметті берушінің бастамасымен көрсетілетін қызметті алушының ұялы байланысының абоненттік құрылғысының телефон нөмірін www.egov.kz "электрондық үкімет" веб-порталында тіркеген кезде көрсетілетін қызметті берушінің және мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелері арқылы, проактивті жолмен көрсетілуі мүмкін және оған:
1) азаматтардың жекелеген санаттарына, сондай-ақ қорғаншылықтағы (қамқоршылықтағы) және патронаттағы адамдарға тегін тамақтандыруды ұсыну жөніндегі мемлекеттік көрсетілетін қызмет жоғары білім беру ұйымдарының білім алушылары мен тәрбиеленушілеріне сұрау салумен көрсетілетін қызметті алушыға автоматты хабарламалар жіберу;
2) проактивті қызметті көрсетуге көрсетілетін қызметті алушының келісімін алу, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушыдан өзге де қажетті, оның ішінде көрсетілетін қызметті алушының ұялы байланысының абоненттік құрылғысының көмегімен шектеулі қолжетімді мәліметтерді алу енеді.
Көрсетілетін қызметті алушыдан жауапты күту мерзімі сұрау салуды алған сәттен бастап жиырма төрт сағатты құрайды.
Ескерту. Қағидалар 7-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің м.а. 29.03.2023 № 134 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

8. Мемлекеттік қызмет көрсетуге арналған құжаттарды қараудың жалпы мерзімі 5 (бес) жұмыс күнін құрайды.
9. Көрсетілетін қызметті алушының (өкілдің) өтініші болмауына байланысты мерзімінде берілмеген құжаттар бір ай бойы Мемлекеттік корпорацияда сақталады, осы мерзім өткеннен кейін көрсетілетін қызметті берушіге талап етілмеген ретінде қайтарылады.
10. "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес көрсетілетін қызметті беруші ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректерді енгізуді қамтамасыз етеді.
10-1. Заңның 10-бабының 5-тармағына, 14-бабының 3-тармағына, 23-бабына сәйкес орталық мемлекеттік орган осы Қағидаларға өзгерістер енгізілген және (немесе) толықтырылған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде оларды жаңартып және көрсетілетін қызметті берушілерге, Бірыңғай байланыс-орталығына, Мемлекеттік корпорацияға, және "электрондық үкімет" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымы операторына жолдайды.
Ескерту. Қағидалар 10-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің м.а. 29.03.2023 № 134 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
11. Алып тасталды – ҚР Білім және ғылым министрінің м.а. 12.03.2021 № 108 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

3-тарау. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының мемлекеттік қызмет көрсету процесіндегі шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
12. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі шағымның қаралуын жоғары тұрған әкімшілік орган, лауазымды адам, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – шағымды қарайтын орган) жүргізеді.
Шағым шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған көрсетілетін қызметті берушіге және (немесе) лауазымды адамға беріледі.
Шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған көрсетілетін қызметті беруші, лауазымды адам шағым келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей оны және әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жібереді.
Бұл ретте шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған көрсетілетін қызметті беруші, лауазымды адам, егер үш жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын шешім не өзге де әкімшілік әрекет қабылдаса, шағымды шағым қарайтын органға жібермеуге құқылы.
Ескерту. 12-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің м.а. 29.03.2023 № 134 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

13. Көрсетілетін қызметті алушыдан көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен шағым Заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
Көрсетілетін қызметті алушыдан шағымды қарайтын органның атына келіп түскен шағым тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
Ескерту. 13-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің м.а. 29.03.2023 № 134 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

14. Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, сотқа Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 91-бабының 5-тармағына сәйкес сотқа дейінгі тәртіппен шағым жасалғаннан кейін жүгінуге жол беріледі.
Ескерту. 14-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің м.а. 29.03.2023 № 134 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

"Жоғары білім беру
ұйымдарында білім алатын және
тәрбиеленетін жекелеген
санаттағы азаматтарға,
сондай-ақ қорғаншылықтағы
(қамқоршылықтағы) және
патронаттағы адамдарға тегін
тамақтандыруды ұсыну"
мемлекеттік қызмет
көрсету қағидаларына
1-қосымша
Нысан
___________________
(көрсетілетін қызметті
берушінің атауы)
Жоғары және (немесе) жоғары
оқу орнынан кейінгі білім
беру ұйымының басшысы
____________________________
(Т.А.Ә. (бар болған жағдайда)
____________________________
мекен-жайы бойынша тұратын
____________________________
(көрсетілетін қызметті
алушының
Т.А.Ә.(бар болған жағдайда))
Өтініш
Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің м.а. 29.03.2023 № 134 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Сізден ____________________________________________________________________
(жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымының атауы)
___ курсы _____ тобында білім алатын ұлым (қызым)
_________________________________________________________________________
(Т.А.Ә. (бар болған жағдайда)
тегін тамақтандыруды ұсынуды сұраймын.
Ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпия мәліметтерді пайдалануға
келісім беремін.
20__ жылғы "___" ________ ________ ___________________
(қолы) (Т.А.Ә. (бар болған жағдайда)
"Жоғары білім беру
ұйымдарында білім алатын және
тәрбиеленетін жекелеген
санаттағы азаматтарға,
сондай-ақ қорғаншылықтағы
(қамқоршылықтағы) және
патронаттағы адамдарға тегін
тамақтандыруды ұсыну"
мемлекеттік қызмет
көрсету қағидаларына
2-қосымша
Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің м.а. 29.03.2023 № 134 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
"Жоғары білім беру ұйымдарында білім алатын және тәрбиеленетін жекелеген санаттағы азаматтарға, сондай-ақ қорғаншылықтағы (қамқоршылықтағы) және патронаттағы адамдарға тегін тамақтандыруды ұсыну" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі
1 Көрсетілетін қызметті берушінің атауы "Мемлекеттік қызметті жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары" көрсетеді
2 Мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсыну тәсілдері (жеткізу арналары) Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру:
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;
2) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация);
3) "электрондық үкіметтің" www. egov. kz веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады;
4) www. egov. kz-те тіркелген ұялы байланысының абоненттік құрылғысы арқылы.
3 Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі 1) көрсетілетін қызметті берушіге, Мемлекеттік корпорацияға құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап - 5 жұмыс күні;
Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді. Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін Мемлекеттік корпорацияға мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін бір тәуліктен кешіктірмей жеткізуді қамтамасыз етеді;
2) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсыру үшін жеке тұлғаларға күтудің барынша рұқсат етілген уақыты - 20 минут, Мемлекеттік корпорацияға - 15 минут
3) көрсетілетін қызметті алушыға көрсеттілетін берушінің кеңсесі арқылы қызмет көрсетудің барынша рұқсат етілген уақыты - 30 минут, Мемлекеттік корпорация арқылы-15 минут.

4 Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны Электронды (ішінара автоматтындырылған)/қағаз түрінде/проактивті
5 Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі Тегін тамақтандыруды ұсыну туралы хабарлама не осы Негізгі талаптар тізбесінің 9-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
Порталда көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі жолданады және сақталады.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі проактивті нысанда тегін тамақтандыруды ұсыну туралы көрсетілетін қызметті алушының абоненттік нөміріне хабарлама түрінде жіберіледі.
6 Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері Мемлекеттік қызмет жеке тұлғаларға, оның ішінде проактивті түрде тегін көрсетіледі.
7 Көрсетілетін қызметті берушінің және ақпарат объектілерінің жұмыс кестесі 1) көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, көрсетілетін қызметті берушінің белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес сағат 13.00-ден 14.00-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.00-ға дейін.
2) Мемлекеттік корпорация – Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап сенбіні қоса алғанда, үзіліссіз сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін, мемлекеттік корпорацияның халыққа қызмет көрсету кезекші бөлімдері дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін және сенбі күні сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін жүзеге асырылады.
3) портал/ұялы байланыстың абоненттік құрылғысы – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).
Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары:
1) көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурсында;
2) Мемлекеттік корпорацияның www. gov4c. kz интернет-ресурсында;
3) www. egov. kz. порталында орналасқан.
8 Мемлекеттік қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі Көрсетілетін қызметті берушіге және (немесе) Мемлекеттік корпорацияға:
1) белгіленген нысандағы өтініш;
2) жеке куәлік немесе цифрлық құжаттар сервисінен алынған электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);
3) туу туралы куәлік - көп балалы отбасылардың балалары үшін (2007 жылғы 13 тамызға дейін туылған жағдайда) немесе цифрлық құжаттар сервисінен алынған электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);
4) қорғаншылықты (қамқоршылықты), патронаттық тәрбиелеуді бекіту туралы анықтамалар - жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, отбасыларда тәрбиеленетін балалар үшін;
5) мүгедектігі туралы анықтамалар – мүгедектігі бар адамдар және мүгедектігі бар балалар үшін немесе психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның қорытындысы - даму мүмкіндіктері шектеулі балалар үшін;
6) өтініш берушінің (отбасының) жергілікті атқарушы органдар ұсынатын мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушыларға тиесілілігін растайтын анықтамалар - атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан шыққан балалар үшін;
7) табысы туралы мәліметтер (жұмыс істейтін ата-аналардың немесе оларды алмастыратын адамдардың еңбекақысы, кәсіпкерлік қызметтен және басқа да қызмет түрлерінен түсетін табыстар, балаларға және басқа да асырауындағыларға алимент түріндегі табыстар) - мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен отбасылардан шыққан балалар үшін.
Көрсетілетін қызметті алушының атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан шыққан балалар үшін жергілікті атқарушы органдар ұсынатын мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушыларға өтініш берушінің (отбасының) тиесілігін растайтын, отбасыларда тәрбиеленетін жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар үшін - жеке басын куәландыратын құжат, қорғаншылық (қамқоршылық), патронаттық тәрбие туралы мәліметтерін көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден "электрондық үкімет" шлюзі арқылы алады.
9 Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер 1) мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дәйексіздігін анықтау;
2) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты заңды күшіне енген, соның негізінде көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға байланысты арнайы құқықтан айырылған сот шешімінің болуы;
3) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін, "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес берілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімінің болмауы.
10 Мемлекеттік қызметті, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі және жағдайы туралы ақпаратты мемлекеттік қызмет көрсету мәселесі бойынша бірыңғай байланыс орталығы, сондай-ақ, www. egov. kz-те тіркелген ұялы байланысының абоненттік құрылғысы арқылы алу мүмкіндігіне ие.
Көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері бойынша ақпараттық қызметінің байланыс телефондары Министрліктің www. edu. gov. kz интернет-ресурсында "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімінде орналастырылған. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша Бірыңғай байланыс орталығы: 8-800-080-7777, 1414.
Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сы болған жағдайда Мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алуға мүмкіндігі бар.
Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдағы "жеке кабинеті", көрсетілетін қызметті берушінің анықтамалық қызметтері, сондай-ақ 1414, 8 800 080 7777 бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар.
Порталдағы "жеке кабинеттен" ұсынылған мәліметтер сұратылып отырған тұлғаның келісімі болған жағдайда, сондай-ақ порталдағы хабарламаға жауап ретінде бір реттік парольді беру жолымен немесе қысқа мәтіндік хабарламаны жіберу жолымен субъектінің порталда тіркелген ұялы байланыстың абоненттік нөмірі арқылы үшінші тұлғалардың электрондық сұрау салуы.
"Жоғары білім беру
ұйымдарында білім алатын және
тәрбиеленетін жекелеген
санаттағы азаматтарға,
сондай-ақ қорғаншылықтағы
(қамқоршылықтағы) және
патронаттағы адамдарға тегін
тамақтандыруды ұсыну"
мемлекеттік қызмет
көрсету қағидаларына
3-қосымша
Нысан
Тегін тамақтандыруды ұсыну туралы хабарлама
Ескерту. 3-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің м.а. 29.03.2023 № 134 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
__________________________________________________________________________
(Т.А.Ә. (бар болған жағдайда)
_____________________________________________________________ жоғары және
(немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында
20___-20___ оқу жылында тегін тамақтандырумен қамтамасыз етілетін білім алушылар
тізіміне енгізілгені үшін берілді.
"___" _____________20____ жылы ________________________________
(жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымы басшысының қолы)
"Жоғары білім беру
ұйымдарында білім алатын және
тәрбиеленетін жекелеген
санаттағы азаматтарға,
сондай-ақ қорғаншылықтағы
(қамқоршылықтағы) және
патронаттағы адамдарға тегін
тамақтандыруды ұсыну"
мемлекеттік қызмет
көрсету қағидаларына
4-қосымша
Нысан
Құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат
Ескерту. 4-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің м.а. 29.03.2023 № 134 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
"Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабы 2-тармағын басшылыққа ала отырып, Сіздің мемлекеттік қызмет көрсету тәртібінде көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық топтамасын ұсынбауыңызға байланысты Мемлекеттік корпорация (мекен-жайын көрсету) "Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары білім беру ұйымдарында білім алатын және тәрбиеленетін жекелеген санаттағы азаматтарға, сондай-ақ қорғаншылықтағы (қамқоршылықтағы) және патронаттағы адамдарға тегін тамақтандыруды ұсыну" мемлекеттік қызметін көрсетуге құжаттарды қабылдаудан бас тартады:
Жоқ құжаттардың атауы:
1)_______________________________________;
2)_______________________________________;
Осы қолхат әр тарапқа бір-бірден 2 (екі) данада жасалды.
_______________________________ ________________________
(Т.А.Ә. (бар болған жағдайда) Мемлекеттік корпорация
қызметкерінің қолы)
________________________________________ _____________________
Алдым: ________________ __________________________________
(Т.А.Ә. (бар болған жағдайда) (көрсетілетін қызметті алушының қолы)
"___" _________ 20__ жыл.
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2020 жылғы 4 мамырдағы № 180
Бұйрыққа 2-қосымша
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің күші жойылған кейбір бұйрықтарының тізбесі
1."Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары білім беру ұйымдарындағы тәрбиеленушілер мен білім алушылардың жекелеген санаттағы азаматтарына, сондай-ақ қорғаншылық (қамқоршылықтағы) пен патронаттағы тұлғаларына тегін тамақтандыруды ұсыну" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 7 тамыздағы № 396 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15744 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде 2017 жылғы 10 қазанда жарияланған);
2."Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары білім беру ұйымдарындағы тәрбиеленушілер мен білім алушылардың жекелеген санаттағы азаматтарына, сондай-ақ, қорғаншылық (қамқоршылықтағы) пен патронаттағы тұлғаларына тегін тамақтандыруды ұсыну" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 7 тамыздағы № 396 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 2 сәуірдегі № 124 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16806 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде 2018 жылғы 11 мамырда жарияланған);
3. "Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары білім беру ұйымдарындағы тәрбиеленушілер мен білім алушылардың жекелеген санаттағы азаматтарына, сондай-ақ, қорғаншылық (қамқоршылықтағы) пен патронаттағы тұлғаларына тегін тамақтандыруды ұсыну" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 7 тамыздағы № 396 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2019 жылғы 8 ақпандағы № 64 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18299 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде 2019 жылғы 3 сәуірде жарияланған) .

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
]]>
Жоғары білім беру ұйымдарында білім алатын және тәрбиеленетін жекелеген санаттағы азаматтарға, сондай-ақ қорғаншылықтағы (қамқоршылықтағы) және патронаттағы адамдарға тегін тамақтандыруды ұсыну" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларын бекіту туралы

admin Mon, 04 Mar 2024 14:35:45 +0600
Негізгі пәндер бойынша тоқсандар бойынша білім сапасының динамикасы http://168.alschool.kz/o-detskom-sade/normativtk-zhattar/810-negzg-pnder-bojynsha-tosandar-bojynsha-blm-sapasyny-dinamikasy.html http://168.alschool.kz/o-detskom-sade/normativtk-zhattar/810-negzg-pnder-bojynsha-tosandar-bojynsha-blm-sapasyny-dinamikasy.html
]]>

]]>
admin Mon, 25 Apr 2022 16:01:57 +0600
2021-2022 оқу жылы. ІІ-тоқсан педкеңес http://168.alschool.kz/o-detskom-sade/normativtk-zhattar/808-2021-2022-ou-zhyly-tosan-pedkees.html http://168.alschool.kz/o-detskom-sade/normativtk-zhattar/808-2021-2022-ou-zhyly-tosan-pedkees.html admin Mon, 25 Apr 2022 15:56:16 +0600 2020/2021 оқу жылының ІІІ-ші тоқсанындағы оқу үлгерімін талдау http://168.alschool.kz/o-detskom-sade/normativtk-zhattar/807-2020-2021-ou-zhylyny-sh-tosanynday-ou-lgermn-taldau.html http://168.alschool.kz/o-detskom-sade/normativtk-zhattar/807-2020-2021-ou-zhylyny-sh-tosanynday-ou-lgermn-taldau.html
]]>

]]>
admin Mon, 25 Apr 2022 15:51:54 +0600
Орта білім беру ұйымдарында 2021 – 2022 оқу жылының басталуын, ұзақтығын және каникул кезеңдерін айқындау туралы http://168.alschool.kz/o-detskom-sade/normativtk-zhattar/806-orta-blm-beru-jymdarynda-2021-2022-ou-zhylyny-bastaluyn-zatyyn-zhne-kanikul-kezedern-ajyndau-turaly.html http://168.alschool.kz/o-detskom-sade/normativtk-zhattar/806-orta-blm-beru-jymdarynda-2021-2022-ou-zhylyny-bastaluyn-zatyyn-zhne-kanikul-kezedern-ajyndau-turaly.html ]]> ]]> admin Mon, 25 Apr 2022 15:48:29 +0600 2021-2022 оқу жылын аяқтау http://168.alschool.kz/o-detskom-sade/normativtk-zhattar/805-2021-2022-ou-zhylyn-ajatau.html http://168.alschool.kz/o-detskom-sade/normativtk-zhattar/805-2021-2022-ou-zhylyn-ajatau.html
]]>

]]>
admin Mon, 25 Apr 2022 15:43:33 +0600
2021-2022 МІБ ЖОСПАРЫ http://168.alschool.kz/o-detskom-sade/normativtk-zhattar/804-2021-2022-mb-zhospary.html http://168.alschool.kz/o-detskom-sade/normativtk-zhattar/804-2021-2022-mb-zhospary.html ]]> ]]> admin Mon, 25 Apr 2022 15:28:10 +0600