География пәнінің мұғалімі Сералиев Әсет Бақтыбекұлы Алматы қаласының әкімінің алғыс хатымен марапатталды » КГУ ОШ №168 Управления Образования г.Алматы
Алматы қаласы
Управления образованияның
"№168 мектеп-гимназиясы"
отдела образования Енбекшиказахского района
қабылдау бөлімі :
+7(727) 43-50-93
Бухгалтерия
+7(727) 23-11-37
Версия для
слабовидящих
» » География пәнінің мұғалімі Сералиев Әсет Бақтыбекұлы Алматы қаласының әкімінің алғыс хатымен марапатталды
06
октябрь
2023

География пәнінің мұғалімі Сералиев Әсет Бақтыбекұлы Алматы қаласының әкімінің алғыс хатымен марапатталды

Ұстаздардың кәсіби мерекесіне орай мектебіміздің география пәнінің мұғалімі Сералиев Әсет Бақтыбекұлы Алматы қаласының әкімі Досаев Ерболат Асқарбекұлының атынан алғыс хатпен марапатталды. «Сізді кәсіби мереке-Мұғалім күнімен шын жүректен құттықтаймын! Тәуелсіз қазақстанның ертеңі, халқымыздың боашағы-өскелең ұрпаққа білім берумен тәрбиелеу жолындағы өлшеусіз еңбегіңізді терең бағалаймын. Алматының білім беру саласын дамытуға қосқан адал еңбегіңіз үшін алғыс білдіремін. Сізге және жақындарыңызға зор денсаулық, бақ-береке тілеймін!» делінген алғыс хатта. №168 мектеп-гимназия ұжымы әріптесі Сералиев Әсет Бақтыбекұлын бүгінгі әкім қолынан алған алғыс хатымен шын жүректен құттықтайды.


Әсет Бақтыбекұлы аталған мектепте 2017 жылдан бері жұмыс жасап келе жатыр. Жалпы еңбек өтілі – 16 жыл. Педагогика ғылымдарының магистрі, PhD курсын бітірген. Өте сауатты мұғалім. Сабақ беретін сыныптарының «Ең сүйікті ұстазы». 2022-2023 оқу жылынан бері Сараптама комиссиясының мүшесі. Мектептің жас мұғалімдеріне КТЖ, ҚМЖ қалай жасау керектігі туралы айтып, өз білгендерін үйретіп, сабақты дұрыс өту ережесімен таныстырып, сабақтың мақсатына қалай жетуге болатыны туралы үнемі айтып жүреді.
«Аймақтанудың әліппесі», «Төрткүл дүние тұрғындарының тіршілігі" атты элективті курстарының авторы.
Қазіргі сәтте «Жалпы білім беретін мектептерде 8-сыныптарда Атмосфера бөлімін оқыту» атты авторлық бағдарлама жазу үстінде.
Мектепте «Lesson study» тобының жетекшісі ретінде атқарған жұмыстарын атап айту керек. Екі жыл қатарынан жүргізіп келе жатқан «Lesson study» тобының жұмысының арқасында бірнеше оқушылардың түрлі қырлары анықталды. Білімі төмен оқушылармен түрлі жұмыстар жүргізу арқылы сол оқушылардың білім деңгейлерінің жақсарғанын көруге болады.
Әсет Бактыбекович – өте ізденімпаз, білімді, тәжірибелі ұстаз.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: