ҒАОЫШ ӘЛЕМІНЕ САЯХАТ » КГУ ОШ №168 Управления Образования г.Алматы
Алматы қаласы
Управления образованияның
"№168 мектеп-гимназиясы"
отдела образования Енбекшиказахского района
қабылдау бөлімі :
+7(727) 43-50-93
Бухгалтерия
+7(727) 23-11-37
Версия для
слабовидящих
20
октябрь
2021

ҒАОЫШ ӘЛЕМІНЕ САЯХАТ

Алматы- жұмбағы мол қала. Күніне керемет жаңалықтарымен бізді таңдаңдандыра береді. Сондай бір ерекше күннің куәсі болдық. Мектебіміздің физика пәні мүғалім Жұмагулов Асқар Атабайұлының ұйымдастыруымен қалмыздың тау бөктерінің етегінде орналасқан іргетасы 1941 жылы қаланған «В.Г.Фесенков атындағы Ғылыми зерттеу институтына🎓» Обсерваторияға саяхаттап келдік.10-сыныптың оқушыларынан құралған топ екі микроавтобусқа жайғаса салып, қаланың ығы-жығы тірлігінен бір сәтке мүлгіген тыныштыққа тап болдық. Аспан әлемі жұмбақтарының сан мәрте үлкейтілгенін өз көзіммен көргенімде балаша мәз болдым. Күнделікті көріп жүрген жұлдыздарымыздың жай жұлдыз емес Сатурн, Юпитер🪐🌌 екенін телескоп арқылы көрудің өзі сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Ал институт қызметкерлерінің уақытпен санаспай оқушыларымызға аспан денелерінің жұмбақ әлемінен берген мәліметтерінің өзі бір бөлек әңгіме.🥰

🏷 Осындай мағыналы күндердің оқушы санасында ұмытылмасына сенімім мол. Бір өкініштісі естелікке суретке түсіруге рұқсат етілмейді екен.Себебі ғалымдардың жұмысына кедергі болмас үшін қараңғыда жарық сәуле қосуға болмады. Мектебіміздің бірінші басшысы Манас Саяхатұлының айтуынша әр адамның өз мамандығын жақсы көрсе, көптеген жетістікке жететігін де тілге тиек етіп , Асқар Атабайұлына ерекше кеш сыйлағаны үшін алғыс айтып, үйді-үйімізге тарастық.

😇Өз әсерімен бөліскен:

📜Қасыл Қатықбаева атындағы 168 мектеп-гимназияның қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі САНСЫЗБАЕВА Маржан Құлболдықызы.✅

#Qasyl_Qatyqbaeva_gymnasium🏫
#168school

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: