Техникалык тапсырма » КГУ ОШ №168 Управления Образования г.Алматы
Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№168 мектеп-гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
қабылдау бөлімі :
+7(727) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(727) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
03
июнь
2014

Техникалык тапсырма

<!--[if gte mso 9]>

<!--[if gte mso 9]> Normal 0 false false false RU X-NONE X-NONE <!--[if gte mso 9]> <!--[if gte mso 10]> /* Style Definitions */ table.MsoNormalTable {mso-style-name:"Обычная таблица"; mso-tstyle-rowband-size:0; mso-tstyle-colband-size:0; mso-style-noshow:yes; mso-style-priority:99; mso-style-parent:""; mso-padding-alt:0cm 5.4pt 0cm 5.4pt; mso-para-margin-top:0cm; mso-para-margin-right:0cm; mso-para-margin-bottom:10.0pt; mso-para-margin-left:0cm; line-height:115%; mso-pagination:widow-orphan; font-size:11.0pt; font-family:"Calibri","sans-serif"; mso-ascii-font-family:Calibri; mso-ascii-theme-font:minor-latin; mso-hansi-font-family:Calibri; mso-hansi-theme-font:minor-latin; mso-fareast-language:EN-US;}

Орта білім беру ұйымдарында білім 
алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру
 бойынша көрсетілетін қызметтерді
 берушілерді таңдау жөніндегі
 үлгілік конкурстық құжаттамаға
 2-қосымша

Алматы қаласы Білім басқармасының «№168 жалпы білім беретін мектеп » КММ оқушыларының тамақтануын ұйымдастыру бойынша1-4 сыныпқа көрсетілетін қызметтерді берушілерді тандау бойынша конкурстық құжаттамаға техникалық тапсырма

 

Алматы қаласы Білім басқармасының «№168 жалпы білім беретін мектеп» КММ оқушылары тамақтануын ұйымдастыру бойынша қызмет

1.Алматы қаласы, Медеу ауданы, Қалдаяқов көшесі, 62 мекен жайы бойынша орналасқан орта білім беру ұйымындағы көрсетілетін қызметті алушылардың жалпы саны барлығы 60, оның ішінде бюджет қаражаты есебінен тегін тамақтандыру мен қамтамасыз етілетін білім алушылар саны 60 оқушы үшін тамақтандыруды ұйымдастыру мен қамтамасыз ету 2011жылғы 30желтоқсандағы № 1684 Қазақстан Республикасының Үкіметінің қаулысымен бекітілген «Балалар және жасөспірімдердің білімі және тәрбиесі объектілеріне қойылатын санитарлық – эпидемиологиялық талаптар», 2011жылғы 30 желтоқсандағы №1665 Қазақстан Республикасының Үкіметінің қаулысымен бекітілген «Қоғамдық тамақтану объектілеріне қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар» ( бұдан әрі-Санитарлық ережелер) Санитарлық ережелер арқылы жүзеге асырылады.

Санитарлық ереже мектептегі тамақтану саласында қызмет көрсететін, олардың меншік нысанына қарамастан, жеке және заңды тұлғаларға арналған.

2. Алматы қаласы Білім басқармасының «№168 жалпы білім беретін мектеп »  оқушылары үшін  тамақтандыруды ұйымдастыруға көрсетілетін қызметтердің сапалы орындалу мақсатында потенциалды жабдықтаушы келесідей құжаттарды растау қажет (құжаттар конкурстық сұранымда болуы керек).

1) Тамақтану блогында жұмыс істейтін, жұмыс істеуге рұқсаты бар қызметкердің  медициналық  кітапшасының болуы;

2) Ыдыс және асхана жабдықтарын заласыздандырушы және жуу құралының болуы;

3) «Дайын ас сапасын бақылау журналы»,«Тамақтану блогы қызметкерінің денсаулық жағдайын тіркеу журналы»,«Тоңазытқыш жабдықтарының  температуралық режимін есепке алу журналы» болуы;

4) Алғашқы медициналық көмек көрсету үшін дәрі қобдишасының болуы;

5) Санитарлық–эпидемиологиялық қадағалау мемлекеттік ұйымы берген,санитарлық-эпидемиологиялық қорытындысы(төлқұжат)бар, тамақтану азығын қамтамасыз етуші мамандандырылған автокөліктің болуы. Экспедитор – жүргізушінің жеке медициналық кітапшасы болуы қажет;

6) Мектепті басқарушы адамның растауы үшін  тамақтану режимі немесе графиктің ұсынылуы;

7)  Сапа қызметі бойынша берілген кепілхаттың болуы.

3. Білім мекемелерінің оқушылары үшін  ыстық тамақтандыруды ұйымдастыруға көрсетілетін қызметтердің сапалы орындалу мақсатында потенциалды жабдықтаушы қызмет көрсету барысында міндетті:

1)Көрсетілген меню бойынша оқушылардың тамақтануын ұйымдастыру  (осы техникалық ерекшеліктегі №1 қосымша);

2) Растау құжаттары бар (сапа сертификаты, шешімі және т.б), сапалы және қатерсіз өнімдерді жеткізіп тұру (тамақтану өнімдері);

3) Санитарлық ережеге сай  жабдықтардың және орынның санитарлық жағдайын қамтамасыз ету және жабдық эксплуатациясы кезінде түзелместік немесе сыну байқалған жағдайда ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу;

4) Санитарлық ереже сәйкес тез құртылатын  өнімдерді тарату кезінде, жарамдылық мерзімін  сақтауды қамтамасыз ету;

5) Санитарлық құжаттар болған жағдайда ғана өнімді көлікпен жеткізіп беру;

6) Қажет болған жағдайларда лабораториялық бақылауға талқыға салынуға, тамақтану блогында күн сайын дайын ас сынау үшін тұруы қажет;

7)  Зарарсыздандыру, дезинсекциялау және дератизациялауға арналған, жұмыстарын өткізу туралы актiлерімен бірге шараларды жүргiзу;

8) Дайын азық үлгі алынғаннан кейін ғана беріледі. Тағамдар сапасының бағалауын бракераж комиссиясы, құрамда үш адамнан кем емес: дәрiгерлiк қызметкер, ас бөлiмнiң қызметкерi және органолептиканың көрсеткiштері бойынша бiлiм беретiн мекеме әкiмшiлiгінің өкiлi өткiзедi (үлгі тiкелей азық дайындалатын сыйымдылықтардан алынады). Бракераж қорытындысы «Дайын аспаздық азық-түлік бракераж журналында» тіркеледі. Пропорциялық тағамдар салмағы мәзірде көрсетілген тағам шығыстарына сай және гигиеналық нормаларға сай келуі міндетті. Тағамды дайындау кезінде технологияның ескерілмей бұзылуы және де астың дайын болмауы жағдайында барлық әшкереленген қателіктер жойылғанға дейін шығысқа жіберілмейді;

9) Күнделікті жұмыстың  алдында медициналық жұмыскермен  қоғамдық мекеме ұйымының жұмыскерін  дененің ашық бетінің жарақаттануына, тері ауруларына, іріңқап ауруына шалдығу мүмкіндігі, сонымен қатар тыныс алу жолдарының сыртқаттануына тексереді;

10)  Ерекше сақтауды талап ететін, тез бұзылғыш азық-түлікті сақтаудың жағдайы мен мерзімін қадағалау үшін термометрді пайдаланып (сынаптыдан басқа) тоңазытқыштағы сақтау режимін қадағалау жүргізу қажет. Уақытылы температура режимін қадағалап тіркейтін құрылғының болмауы кезінде, ақпарат ұсынылған формаға сай «тоңазытқыш жабдықтың температура режимін тіркеу журналына» енгізіледі;

11) қандай да бір технологиялық құрылғының істен шығу жағдайында мәзірге түзетулер енгізілуі керек, дайын тамақты өндіру кезінде санитарлық ережелер талаптарын сақтау қажет;

12) тамақтануды ұйымдастыру кезінде азық-түлікпен байланысатын материалдардың қауіпсіздік талаптарына сай келетін фарфорлы, фаянсты және шыны ыдыс (тәрелке, табақша, шыныаяқ, бокал) қолданылады. Дайын тамақты дайындау және сақтау  үшін үстел құралдары тат баспайтын болаттан немесе гигиеналық белгілері бойынша ұқсас материалдан жасалуы тиіс.

13) Түрі өзгертілген, шеттері сынған,жарылған, эмалі зақымданған, сынған асхана ыдыс-аяқтарын; алюминнен жасалған асхана құралдарын; пластмассадан жасалған өңдеу тақталарын және престелген фанераны; жарықтары мен механикалық зақымдары бар ұсақ ағаш құрал-жабдықтарын және өңдеу тақталарын пайдалануға рұқсат берілмейді;

14) Барлық қызметкерлердің алдын ала түсерде және периодты дәрiгерлiк

тексерулерiн дер кезiнде өтуі (Келісім шарт дәрігерлік тексеруден өтуге );

15) Қызметшілер құрамымен  санитарлық- ағарту жұмысын лекция, семинар, сұхбат жүргізу арқылы ұйымдастыру;

16) Қызметкерлердi арнайы киiммен қамтамасыз ету (3 комлектен кем емес) және жүйелi орталықтандырылған кір жууды және жұмыс киiмiн жөндеуiн ұйымдастыру;

17) Мектеп оқушыларының қоректенуiне тыйым салынған тағамдарды, газды және алкагольсiз энергетикалық сусындарды, чипстарды, кепкен нан және генномодифицирланған ингредиентері бар қоректену өнімдерді, сонымен бiрге сағыздарды өткiзуге рұқсат бермейдi;

18) Санитарлық- эпидемиологиялық қадағалау мемлекеттік ұйымынан объектіге (асхана орнына) санитарлық –эпидемиологиялық  қорытындының (төлқұжаты) болуы.

19Қ. Қызмет көрсету талаптары және төлем: мемлекеттік сатып алу келісім –шарты бойынша

Күні 03.06.2014г.
Директор  ___________________________
Сеитова А.М.

М.О.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы:

Похожие публикации:

17 апрель 2014 Мектеп туралы