Рухани жаңғыру » КГУ ОШ №168 Управления Образования г.Алматы
Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№168 мектеп-гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(727) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
02
ноябрь
2017

Рухани жаңғыру

Кезінде осы бейбіт өмірді, тәуелсіздікті арман еткен, халқы үшін жанын беруге даяр болғаналашшыл азаматтардың "Алаш ордасын" құрғанына биыл 100 жыл толып отыр. Осыған орай мектебімізде Елбасымыздың "Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру" идеясын негізге ала отырып, Алматы қаласы Ішкі саясат жөніндегі басқармасының қолдауымен Әлеуметтік маңызы бар жобаларды іске асыру орталығының және мектеп ұжымының ұйымдастыруыменАлаш қозғалысының 100 жылдығына арналған кеш болып өтті.
Кездесудің құрметті қонақтары А.Байтұрсынұлының жиені Айман Байсалова, "Әлеуметтік маңызы бар жобаларды іске асыру орталығы" Қоғамдық қорының жетекшісі Берік Ағыбаев және тарих ғылымының докторы, алаштанушы Ғани Меңлібаев болды. Кеш барысында оқушыларға Алаш қайраткерлері жөнінде тың деректер айтылып,тәрбиелік мәні бар әңгімелер қозғалды. Мектеп кітапханасының қолдауымен кітап көрмесі ұйымдастырылды. Оқушылар кеш қонақтарына өздерінің сұрақтарын қойып, пікір алысты. Кездесу соңында кеш қонақтары мектеп ұжымына деген ризашылықтарын білдіріп, оқушылармен болашақта бірлесе жұмыс жасайтынын айтты.



Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: